
Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетіне қоғамдық бақылау күшейіп отыр. Бүгінде түрлі әлеуметтік желілер қарапайым халық өз пікірін ашық айта алатын бірден-бір құрал болып тұр. Демек, әлеуметтік желілер арқылы қоғамның өзекті мәселелерін, мемлекеттік қызметшінің тарапынан қандай ерсі қылықтар орын алып жатқанын алақандағыдай көріп отыруға болады.
Өз кезегінде, біздің басқарма тарапынан да әлеуметтік желілерде ресми парақшалар ашылып, бүгінгі күні азаматтардың өтініштеріне жедел жауап берілуде.
📎Мемлекеттік қызметші – биліктің айнасы, оның түр-сипаты болып табылады.
📎Мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті. Әрқашан да қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметін кәсіби, жоғары дәрежеде көрсете білулері тиіс.
📎Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
📎Мемлекеттік қызметшіге Әдеп кодексін сақтау өте маңызды, себебі, ол тікелей адамдармен жұмыс істейді және әртүрлі әлеуметтік топтағы адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сондықтан, мемлекеттік қызметшінің сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл әрекеттері, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы мәдениеттің үздік үлгісіне айналуы керек.
📎Өз кезегінде мемлекеттік қызметші қоғам мен азаматтар арасындағы жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілер талаптарын мүлтіксіз сақтауға, жалпы қағидаттар мен адамгершілік нормаларын сақтауға, қызмет барысында және тұрмыста жоғары парасатты, мәдениетті болуға талпынуы тиіс.
🇰🇿Еліміздің ертеңі – бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің парасаты мен ар-ожданына және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, елге адал, абыройлы қызмет ету баршамыздың қасиетті борышымыз.