Тапсырыспен үйде дайындалатын тағамдарды алу қауіпті
Қазіргі таңда әр түрлі тамақ өнімдерін үй жағдайында дайындап сатушылар саны артқан. Олардың жарнамалары да әлеуметтік желілерде кеңінен таралған. Қоспалары белгісіз, санитариялық- гигиеналық талаптарға еш сәйкес келмейтін үйлерде дайындалған мұндай тағамдарға тапсырыс берішілер де көп. Ал, үй жағдайында дайындалған өнімдерді интернет арқылы тапсырыс беру - тағамдық улану жағдайларына әкелетінін естен шығармау керек. Үй кондитер-аспаздары әдетте арнайы мамандық құжаттарынсыз жұмыс атқарады. Тамақ өнімдерін өндіру кезінде санитариялық ережелердің сақталмауы, тауар көршілестігінің сақталмауы, таза арнайы киіммен, жеке медициналық кітапшамен қамтамасыз етілмеуі айдан анық. Яғни, үй жағдайларында санитариялық ережелердің сақталуына ешқандай кепілдік берілмейді.
Ал олардың өнімдерінің қайдан және қалай тасымалданатындығы, қауіпсіздігін растайтын құжаты, тамақ өнімдерінің құрамы, тағамдық құндылығы, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, және т.б. деректер туралы ақпараттар белгісіз. Сондықтан да, мұндай тағам өнімдерінен адам денсаулығына келетін қауіп те жоғары.
Сондықтан тұтынушылар сырты оралған, бүтіндігі бұзылмаған, жарамдылық мерзімі көрсетілген және сатып алғандығын растайтын чек беретін орындардан сатып алуы керек.
Кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілеріне қойылатын талаптар:
ҚР 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 19 бабына сәйкес, эпидемиялық мәні жоғары нысандар тізіліміне жататындықтан санитариялық-эпидемиологиялық сәйкестігі туралы қорытынды алуы міндетті;
ҚР ДСМ 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-83 "Кондитерлік өнімдерді өндіру объектілеріне, кондитерлік өнімдерді өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығының талаптарын қатаң сақтау;