Көміртегі тотығы - улы, түссіз, иіссіз және дәмсіз газ. Құрамында көміртегі, бензин, дизель отыны, мазут, табиғи газ, көмір, отын бар кез-келген отынның толық емес жануының өнімі болып табылады.
Дем алу кезінде ол гемоглобинмен оңай әрекеттесіп, тіндерге оттегін тасымалдай алмайтын карбоксигемоглобин түзеді. Гипоксия дамиды. Метаболизмнің тотықпаған өнімдері жинақталады, олар орталық жүйке жүйесіне және басқа мүшелерге қосымша уытты әсер етеді. Тұрғын үй-жайларда көміртегі тотығымен улану жағдайларының көпшілігі қыста ұйықтап жатқан уақытта болады.
Уланудың ең көп тараған себептері:
Уланудың белгілері: бас ауруы, жүрек айну, ентігу, шаршау,қабылдаудың әлсіреуі, сананың жоғалуы.
Улану кезіндегі алғашқы көмек: зардап шеккен адамды тез арада таза ауаға шығару керек, тыныс алуды шектейтін киімді ашу керек. Нашатыр спиртін иіскетіп, қара шай ішкізіңіз. Сонымен қатар, тез арада "Жедел жәрдемді" шақыртыңыз. Жоғарыда көрсетілген дәрігерге дейінгі көмекті көрсеткеннен кейін, зардап шегушіні жылы киіммен немесе көрпемен жауып, ұйықтатпай дәрігердің қарауына дейін ояу күйде ұстау керек. Зардап шеккен адамның тыныс алуы болмаған жағдайда, дереу жасанды тыныс алуды бастау керек.
Көміртегі тотығымен уланудың алдын алу: