
Тұз - натрий мен хлордан тұратын, яғни адам ағзасына керекті химиялық элементтердің бірі. Тұздар негізінде бірнеше биологиялық функцияларда, соның ішінде адам бойындағы сұйықтық тепе-теңдігін ұстап, жүйке жүйесінде және бұлшық еттің жиырылуында маңызды рөл атқарады.
📍Жас және жыныс бойынша тұзды күніне тұтыну нормасы (граммен есептегенде)
🔻Ер адамдарға
Күніне 2-4 г натрий, яғни бұл 5 г тұзға тең
🔻Әйел адамдарға
Тәуелігіне натрийдің ұсынылған стандатты дозасы - кез-келген ересек адамдағыдай, бірақ күніне 2 г кем емес, өйткені жетіспеушілік болмауы аясында дегидратацияға (сусыздануға) ұшырайды, ал лактация кезінде натрийдің созылмалы жетіспеушілігі лактостаз бен маститтің қайталануына әкеледі.
🔻Балаларға
Жаңа туылған нәрестелер тұзды ана сүтінен алады, ал 6 айдан 12 айға дейінгі балаларға күнделікті доза 0,3 граммнан аспауы қажет. Ал 14 жастан асқан балаларға күніне 2-3 грамм болуы тиіс, яғни бір қасық тұз қолдануға кеңес беріледі.
🔻50 жастан кейін
Тұздың күнделікті нормасы бастапқыда 1,5 граммға дейін төмендеткені дұрыс.
· Тұзды көп мөлшерде тұтынғанда ағзадағы сұйықтықтың шығуы қиындайды. Соның салдарынан ісіну пайда болып, натрий хлоридінің қалдықтары жинала береді.
· Қан қысымын көтереді. Ауру асқынған жағдайда, адам инсульт алуы мүмкін.
·Тұзды көп мөлшерде қолдану бауыр, бүйрек, жүрек ауруларына әкеліп соғады.
· Жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі артады, қауіп тобына қатерлі ісік, қант диабеті, созылмалы өкпе аурулары кіреді.
🔴Тұз мөлшерін азайтудың әдістері:
-Тамақты қатты қуырмаңыз, сол кезде азық-түліктегі тұздың дәмі жақсы сақталады.
- Дастархандағы тұзды көкөніс пен дәмдеуіштер қоспасына ауыстырыңыз;
- Тамақты үйде дайындап ішуге тырысыңыз. Мамандардың айтуынша, мейрамхана тағамдарында тұз мөлшері көбірек болады.
- Өнімнің сапасына және құрамына мән беріңіз. Құрамы жазылған тізімнің басында тұрған ингредиенттердің мөлшері көп дегенді білдіреді. Сондықтан, тұздың соңғы жағында болуын және мөлшерін тексеріңіз.
- Кетчуп, қыша, ащы дәм қосарлардан бас тартыңыз. Маринадталған қиярды да көп жемеген жөн. Егер оны қатты ұнатсаңыз, құтыдағы қиярдың суын төгіп, маринадталған қиярларды салқын сумен бір шайып алыңыз;
- Тамақты қосымша тұздаудың қажеті жоқ. Тамақ пісіру кезінде қосқан тұзыңыз жеткілікті.
- Тұзды өлшеуіш қасықпен салыңыз. Сол кезде қандай мөлшерде қолданып жатқаныңызды біліп отырасыз және азайтуға мүмкіндік болады.
❗️Тұзға шектеу қойғаннан кейін, 1 айдан соң тамақтың шын дәмін сезіне бастайсыз. Дәм сезу рецепторлары қалпына келіп, тұзға деген қажеттілік өз-өзінен азаяды.
❗️Ас тұзын немесе кез-келген тұзды қолданар алдында ағзаңызға пайдасы да, зияныда бар екенін түсіну қажет. Мөлшерінен асырмаңыз!