Дәстүрлі Наурыз мерекесін тойлау барысында наурыз көже, қаймақ, ет тағамдары сияқты көптеген ұлттық тағамдар, салаттар, тіске басарлар, кремі бар кондитерлік өнімдер және т.б әртүрлі тағамдар дастарханға қойылады.
Алайда, егер гигиена талаптары сақталмаса, мерекелік дастархан тамақтан улану жағдайына алып келуі мүмкін.
Осыған байланысты, Наурыз мейрамын тойлау және осы мерекеге байланысты демалыс күндері кезінде мынадай қағидаларды сақтауды ұсынамыз:
Сондай-ақ мейрамханалар және дәмханалар басшыларының назарын Наурыз мейрамы күндері тамақтан уланудың алдын алу мәселелеріне аса назар аударуды ұсынамыз.
Персонал жеке гигиена ережелерін, ас блогында тазалықты сақтауы тиіс. Тамақ өнімдерін термиялық өңдеу, сондай-ақ көкөністер мен жемістерді мұқият жуу қажет. Шикі және дайын өнімдерге арналған бөлшектеу мүкәммалын мақсаты бойынша пайдалануды, тағамдар дайындауға бүлінбеген сапалы өнімдерді қолдануды, шикі өнімдерді дайын өнімдерден бөлек сақтауды ұсынамыз.
Тағамдарды алдын ала дайындамауды және іс-шара басталғанға дейін үстелді жасамауды және оларды қажетті температуралық режимді ұстай отырып, сақтауды ұсынамыз. Дайын өнімдердің сақтау мерзімдерінің бұзылуына жол бермеңіз.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Биылғы жыл жақсы іс-шаралар туралы хабарлаушы, таза ойлар мен ізгі істердің бастауы болсын. Біздің ортақ үйіміз - Тәуелсіз Қазақстанымыз гүлдей берсін.