Шетелге саяхаттауға шығатын туристер үшін мәлімет

Шетелге саяхаттауға шығатын туристер үшін мәлімет

Бүкілодақтық денаулық сақтау ұйымының  деректері бойынша әлемде соңғы уақытта жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделенді, әсіресе  Денге безгегі, сары безгек сияқты т.б. вирустық этиологиялық инфекциялар.

     Түркістан облысына  халықтың көптеп келуіне,  республикадан тыс жерлерге баратын сапарлар санының артуына байланысты, облысқа  аса қауіпті жұқпалы аурулардың әкелінуін, енуін  болдырмау үшін, шетелге шығатын тұрғындар мен туристер жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша инфекцияның жұғу жолдары мен негізгі профилактикалық іс-шараларды білу қажет.

     Тропикалық аймақтарға баратын адамдар сол климаттық аймақта жиі кездесетін аурулардың белгілерімен таныс болуы керек. Уақтылы диагноз анықтау мүмкін болатын асқынулардың алдын алады және аурудың елге әкелінуіне жол бермейді.

     Конго - Қырым геморрагиялық қызбасы  дерті осы жылы  Еуропалық аймақта (Ұлыбритания), Африка аймағында (Мавритания) тіркелді.  Қазақстанда Шымкент қаласы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл областары   Конго - Қырым геморрагиялық қызбасы  бойынша қолайсыз аймақтар болып есептеледі.

     Инфекция көзіне ірі және ұсақ мал, кеміргіштер, жабайы сүтқоректілер жатады.

     Инфекцияны жұқтыру  механизмі - вирус адамдарға кене шағу арқылы немесе ауру малды сою кезінде, ауру малдың қанымен немесе тіндерімен қатынаста болғанда жұғады.

           Инкубациялық кезең 2-14, жиірек 3-5 күн. Ауру жедел дене қызуымен  басталады, мұрыннан, жыныс мүшелерінен, инъекция орнынан қан кету, теріде ұсақ қан кетулер пайда болады.

     Өлім-жітім жағдайы жоғары.

     Алдын-алу шараларына кенеден қорғану жатады және кене шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

     Денге безгегі – қансорғыш жәндіктер арқылы таралатын ыстық елдердің жедел вирусты жұқпалы ауруы, туристер арасында жиі кездесетін инфекция. Адамға инфекцияны жұқтырған масалардың шағуы арқылы берілетін вирустық инфекция. Бұл ауру биыл Америка аумағында (АҚШ, Коста-Рика, Сальвадор, Гватемала, Гондурас, Мексика, Никарагуа, Панама, Боливия, Колумбия,  Эквадор,  Перу,  Венесуэла,  Аргентина,  Барзилия,  Парагвай,  Куба,  Доминикан Республикасы,  Пуэрто-Рико,  Антигуа и Барбуда,  Аруба,  Кайман аралдары,  Доминика,  Гренада,  Ямайка,  Сент Китс и Невис, Сент-Люсия,  Сент-Винсент и Гренадин,  Суринам,  Тринидад и Тобаго), Еуропалық аймақта – Виргин аралдары (Ұлыбритания), Батыс Тынық мұхит аймағында (Вьетнам, Филиппины, Малайзия, Лаос, Сингапур, Бангладеш, Камбоджа, Австралия, Новая Каледония), Оңтүстік-Шығыс Азияда, (Индия, Таиланд, Индонезия, Шығыс Тимор, Шри-Ланка), Шығыс Жерорта теңізі аймағында (Оман, Йемен), Африка аймағында (Кения, Кот-дИвуар) тіркелді.

    Инфекцияны таратушы  масалар болып табылады.

    Инкубациялық кезең - 2 - 21 күнді құрайды.

    Инфекция көзіне ауру адам, маймылдар, тиіндер мен жарғанаттар жатады. Ауру кенеттен басталады, толық денсаулық арасында қалтырау, арқа, омыртқа, буындардағы ауырсынулар (әсіресе тізе ауруы), қатты бас ауруы, бөртпелер пайда болады. Дене қызуы барлық науқастарда байқалады, дене қызуы 39-40 ° C-қа  дейін тез көтеріледі.    Масалармен күресу кезінде инфекцияны болдырмаудың ең жақсы әдісі  Денге безгегіне қарсы вакцина жасату болып табылады. Серуенге шыққанда, ымырт және кешкі мезгілде  ұзын жеңді киім, шалбар, ұзын көйлек кию керек. Кремдер, лосьондар, спрейлер және тағы басқа репелленттерді (жәндіктерге қарсы құралдар) дененің ашық жерлеріне қолданылуы керек.

     Денге ауруына бейім елдерден оралған кезде дене температурасының жоғарылауы кезінде дәрігермен кеңесу керек.

      Сары безгегі – 2022 жылы Африка аймағының 8 елінде (Кения, Чад Демократиялық Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Кот-д'Ивуар, Гана, Уганда) тіркелді.

    Инфекция көзіне маймылдар мен ауру адамдар жатады.

    Инфекция масалардың шағуы арқылы жұғады. Аурудың инкубациялық кезеңі 3-6 күн, мүмкін 9-10 күнді құрайды. Ауру жеңіл немесе симптомсыз болуы мүмкін.      Сары безгек жедел басталуымен, дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бас ауруы, бұлшық еттердің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, сарғаюмен сипатталады.Өлім-жітім деңгейі 5-тен 50%-ға дейін.      Алдын алу – масалардың шабуылдарынан қорғау және арнайы  әдіс ретінде Оңтүстік Америка мен Африкаға баратын адамдар тірі вакцинамен иммунизацияланады.

      Бүйрек синдромы геморрагиялық қызбасы – Ресейде, Беларусь Республикасында және Қытайда тіркелген.

     Инфекция көзі – кеміргіштер. Ауру кеміргіштер вирусты сілекей және нәжіспен қоршаған ортаға таратады.

     Инфекцияны жұқтыру  механизмнің негізгі жолы – ауа, кеміргіштердің секрециясымен ластанған шаңмен  вирус адамның өкпесіне түседі, онда оның көбеюіне қолайлы жағдай жасалады, содан кейін қанмен басқа мүшелер мен тіндерге беріледі. Сондай-ақ, вирус жұқтырған кеміргіштердің секрециясымен немесе тамақ ішу кезінде лас қолмен тағамдарды жеу кезінде жұқтырылуы мүмкін. Ауру адамнан адамға берілмейді. Көбінесе ауыл тұрғындары мен туристер ауырады.

     Инкубациялық кезең 4-тен 49 күнге дейін, көбінесе 14-21 күнге созылады. Ауру жедел түрде температураның 39-41 °С-қа дейін көтерілуінен басталады, жалпы интоксикациямен, геморрагиялық синдроммен және бүйректің зақымдануымен жалғасады.

     Алдын алу – инфекция көзі ретінде тышқан тәрізді кеміргіштерді жою, сонымен қатар оның кеміргіштерден адамға берілу жолдарын үзу.

      Ласса безгегі – жедел вирусты геморрагиялық ауру. Аурудың ерте белгілері - жоғары температура, жалпы әлсіздік, бірнеше күннен кейін бас ауруы, тамақ ауруы, бұлшық ет ауруы, кеудедегі ауырсыну, жүрек айну, құсу, диарея, жөтел және іштің ауыруы пайда болуы мүмкін.

Өлім 1-15% аралығында.

Биылғы жылы ол Африка аймағында (Нигерия, Либерия, Гвинея, Сьерра-Леоне, Того), Еуропа аймағында (Ұлыбритания) тіркелді.

   Инфекция көзі – кеміргіштер.

   Берілу механизмі - Ласса вирусы адамнан адамға кеміргіштердің зәрімен немесе нәжісімен ластанған тамақпен немесе тұрмыстық заттармен байланыс арқылы беріледі.

  Ласса безгегінің алдын алуы - кеміргіштердің үйлерге кіру жағдайларын болдырмай гигиенаны сақтауға негізделген. Тиімді шараларға тағам мен  басқа да азық-түлік өнімдерін кеміргіштер қолы жете алмайтын ыдыстарда сақтау жатады.

    Эбола геморрагиялық қызбасы – сирек кездесетін, өте қауіпті ауру, өлім көрсеткіші 90%-ға дейін жетеді. 2022 жылдың 5 айында Конго Демократиялық Республикасында тіркелген 5 жағдайдың барлығы өліммен аяқталды. Эбола вирусы адамнан адамға инфекцияны жұқтырған адамның қанымен, секрецияларымен, мүшелерімен немесе басқа да дене сұйықтықтарымен жақын байланыс арқылы (тері немесе шырышты қабықшалар арқылы) немесе ауру жануарлардың биологиялық материалымен тығыз байланыста болғанда жұғады.  

    Инкубациялық кезең - 2 - 21 күн.

   Ауру жедел дене қызуының 39°С-қа дейін көтерілуінен басталып, жалпы әлсіздік, қатты бас ауруы, мойын және бел бұлшық еттері мен аяқ бұлшы еттерінің ауыруы, конъюнктивитпен жалғасады. Аурудың 2-3-ші күні іштің ауыруы, құсу, диарея пайда болады. Аурудың 4-7-ші күні геморрагиялық синдром (мұрыннан, қызыл иектен, құлақтан, инъекция орнынан қан кету, қан біліну) және ауыр тонзиллит дамиды. Өлім аурудың 8-9-шы күні қан жоғалтудан және шоктан болады.

    Эбола геморрагиялық қызбасының арнайы емі немесе оған қарсы вакцина әлі жоқ.

    Адамдарда жұқтыру деңгейін төмендетудің жалғыз жолы - инфекцияның қауіп факторлары және қабылдануы тиіс қорғаныс шаралары туралы ақпаратты арттыру.

 

          Демалысты пайдалы өткізуге және дем алған ел жақсы әсер қалдыруы үшін туристерге саяхат кезінде қарапайым ережелерді сақтау қажет. Мәселен:

    • науқас адамдармен жақын қатынаста болмаңыз;
    • 20 секунд бойы қолды жиі жуыңыз, спирт негізіндегі қолды тазартқышты қолданыңыз, жуылмаған қолмен көзге, мұрынға және ауызға тимеңіз;
    • су ішу үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз. Тамақтану кезінде ыдыс-аяқты пайдаланудың даралығын қадағалаңыз. Жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен жақсылап жуыңыз;
    • тек бассейндер мен арнайы су қоймаларында шомылу;
    • сіз тұратын бөлме шыбын-шіркейлер (масалардың торлары, перделер, инсектицидтер) кіре алмайтындай болуы керек;
    • ымырт және кешкі серуендеуге шыққанда  ұзын жеңді киім, шалбар, ұзын көйлек кию қажет. Дененің ашық бөліктеріне репелленттерді (жәндіктерге қарсы) қолдануды ұмытпаңыз
    • сапардан оралған соң денсаулығы нашарлаған жағдайда шұғыл түрде дәрігерге хабарласыңыз.