✅️ 2026 жылдың 5 айында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру шеңберінде 733 өнім сынамаларына (оның 198-ҚР өнімдері, 289- ЕАЭО мүше мемлекеттердің өнімдері, 246- басқа мемлекеттердің өнімдері) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің және бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкестігін анықтауға зерттеу жүргізілді. Бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша 52 сынамадан (немесе 6%) талаптарға сәйкессіздік фактілері анықталды. Бұзушылықтың 49 жағдайы таңбалау көрсеткіші бөлігінде, 3-микробиологиялық ластанудан болған.
✍️ Анықталған сәйкес келмейтін сынамаларды өткізуден алу және кері қайтару түріндегі жедел ден қою шараларын қолдану туралы 26 қаулы беріліп, 20.4 кг өнімдер сөрелерден алынып тасталды. Қаулылардың орындалуы жоспардан тыс тексеріліп, талаптарды орындамаған 2 кәсіпкерлік субьектісіне 605500 тг айыппұл салынды.
✍️ Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарының бұзылуына әкеп соқтырған мән-жайлар, себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында көтерме және бөлшек сауда қызметін жүзеге асыратын 27 кәсіпкерлік субъектілеріне тергеп-тексеру жүргізіліп, 4 кәсіпкерге 389250 тг айыппұл салынды. Бұл тексерулер сапасыз өнімдердің жеткізілу тізбегін, бұзушылықтардың қандай жағдайда орын алғанын анықтауға бағытталған. Сонымен қатар, өнімді бақылау мақсатында сатып алу жұмыстарын жүргізу барысында талаптарға сәйкес келмейтін 1 жалған құжат анықталды.
✍️ Департамент дүкен сөрелерінен өнімдерді таңдау кезінде бірінші кезекте тауардың таңбалануына мән беруді ұсынады. Таңбалауда өнімнің атауы, дайындалған күні, шарттары мен сақтау мерзімдері, құрамы, тағамдық қасиеттері мен ерекшеліктері және өндіруші туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат көрсетілуі қажет.
Сондай-ақ, ЕАС белгісімен таңбаланған өнім Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін расталып, барлық қажетті зертханалық сынақтардан өткенін көрсетеді.