Балалардың жазғы сауықтыру ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Балалардың жазғы сауықтыру ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Жазғы сауықтыру ұйымдары балалардың денсаулығын нығайту мен қауіпсіз демалысын қамтамасыз ететін эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге жатады.

         Олардың қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.     

         Жазғы лагерьлердің жұмыс істеуі үшін келесі негізгі талаптар сақталуы тиіс:

  • Лагерь қызметін бастамас бұрын міндетті түрде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынуы тиіс;
  • Лагерь аумағы қоршалған және абаттандырылған болуы тиіс, қоқыстан тазартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуі тиіс;
  • Таза ауыз су, ыстық су және кәріз жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс, желдету және жарықтандыру жүйелері дұрыс жұмыс істеуі тиіс, сумен жабдықтау жүйелері жуылып, дезинфекциялануы тиіс;
  • Лагерь аумағында кенеге қарсы (дезинсекциялық) өңдеу жұмыстарын уақытылы жүргізіліп, тұрақты бақылауға алынуы тиіс;
  • Ауыз су, бассейн суы, құм, топырақтың қуіпсіздігіне зертханалық бақылау жүргізуі тиіс;
  • Ас блогында санитариялық талаптар толық сақталуы тиіс;
  • Балалардың тамақтануы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, тағамдардың сапасы, қауіпсіздігі және дұрыс сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс;
  • Бассейндер санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес күтіп-ұсталуы тиіс, су сапасы тұрақты бақылауда болып, оны тазарту, дезинфекциялау және ауыстыру режимі қатаң сақталуы тиіс;
  • Жеке бас гигиенасын сақтау үшін балалар мен персоналға қол жууға және жуынуға жағдайлар жасалып, гигиеналық құралдардың (сабын, антисептик, таза сүлгі) қолжетімділігі қамтамасыз етілуі тиіс;
  • Балалар лагерьге медициналық анықтама негізінде, жұқпалы аурулармен байланыс болмағаны туралы мәліметпен бірге қабылданады;
  • Персонал алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өтіп, жұқпалы ауруларға қарсы тексерулер мен гигиеналық оқытудан өтеді;
  • Қатты тұрмыстық қалдықтар уақытылы жиналып, шығарылуы тиіс, оларды жинау үшін арнайы жабық контейнерлер қолданылуы тиіс.
  • Балалардың саны лагердің қуатына (жатын бөлмелері, ас блогындағы технологиялық жабдықтар) сәйкес келуі тиіс.

         Жоғарыда келтірілген санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың толық әрі қатаң сақталуы, сондай-ақ олардың орындалуына тұрақты бақылау жүргізілуі балалардың жазғы сауықтыру ұйымдарында қауіпсіз, қолайлы және денсаулыққа зиянсыз ортада демалуын және сауықтырылуын қамтамасыз етеді.