
Битшеңдік (педикулез) – бұл киім, шап және бас биттері тудыратын паразиттік ауру.
Педикулез немесе битшеңдік (биттеу) – қанмен қоректенетін Pediculus және Phtirus тұқымдастығы биттерінің адам денесінде көбеюі. Көбенесе бас биттерінің жұғу жағдайлары жиі кездеседі.
Бит тығыз қарым-қатынас кезенде беріледі, яғни бір адамнан екіншісіне балалар мекемесінде киім шешек пен төсек-орындарын, тарақты ортақ пайдаланған жағдайда жұғады. Адамның денесінде, сырт және іш киімдері мен басқа да заттарында биттің болуы - жанұяда, ұжымда санитарлық-гигиеналық жағдайдың нашарлығын көрсетеді.
Биттер бөртпе және қайталамалы сүзек, окоп қызбасының тасымалдаушысы болып қана қоймай, басқа да қауіпті індеттерді таратуы мүмкін. Педикулездің қауіптігі қышыған жерлерді қасу салдарынан жаралардың пайда болып, сол арқылы инфекцияның енуінде.
Педикулезді анықтап табу үшін емдеу-алдын алу мекемелері халықтардың жеке топтарына үнемі тексеру жүргізіп отырады.
Педикулезге тексеруге жататындар: жалпы білім беретін мектеп, лицей, колледж оқушылары жылына 4 реттен кем емес, әр каникулдан кейін және іріктелген түрде ай сайын; мектеп-интернатта, балалар үйінде тұратын балалар мен бөбектер үйінің балалары әр апта сайын; жазғы сауықтыру, еңбек пен демалыс лагерлеріне баратын балаларды, лагерьге бармас бұрын тұрғылықты жері бойынша емхананың медицина қызметкері тексереді, жазғы сауықтыру орталықтарына барғаннан кейін медицина қызметкері әр суға жуынар алдында тексеріп тұрады; мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалар – әр апта сайын; медициналық көмек алуға келгендер, жоспарлы госпитализациялауға құжат тапсырғанда тексеріледі.
Педикулездің алдын алу іс-шараларын еске саламыз:
- жеке гигиенаны тұрақты және мұқият сақтау;
- балаларды тарақпен шашқа тағатын бұйымды жеке пайдалануға, өзгенің бас киімін кимеуге пайдалану, тек өзіңіздің жеке заттарыңыз бен бас киімдеріңізді пайдалану;
- апта сайын төсек-орын төсеніштерін ауыстыру;
- бассейнде резеңке бас киім қолдану;
- спорт секция, бассейн, мектептегі сырт киім шешетін орындарда бас киімді, шарфты, киімдерді жеке пакетке салуды үйрету қажет.