Қызылша

Қызылша

Қызылша

Қызылша-адамнан адамға ауа-тамшылы механизм арқылы берілітінжәнекөптеген  ауыр асқынуларғаалып келетін өте жұқпалыауру.Қызылшамен ауырған адаммен байланыста болған, иммунитетіжоқадамның вирустыжұқтыру қаупіжоғары.Науқассөйлескенде,жөтелгенденемесетүшкіргендесілекейтамшыларымен вирустар шығарады. Вирусауада2сағат сақталады және ауа ағыныныңжоғарылауыменоллифттер менжелдетужүйелеріарқылыбасқабөлмелергеене алады.Басқаадамдар сол  ауаныжұтуарқылыжұқтыруымүмкін.

Қызылшаның ең айқын симптомы - бөртпе. Ерте белгілер 4-7 күнге созылады. Оларға мыналар жатады:

  • мұрыннан су ағу;
  • жөтел;
  • Қызу көтерілуі
  • көздіңқызаруыжәнежасаурауы;
  • иектіңішкібетіндегіұсақақдақтар.

Бөртпе вирусты жұқтырғаннан кейін шамамен 7-18 күннен соң бет пен мойынның жоғарғы бөлігінде пайда болады. Ол шамамен 3 күн ішінде таралып, қолдар мен төменгі жақ бөліктерде, аяқтарда пайда болады. Қызылша вирусы адамда бөртпе пайда болғанға дейін 4 күн бұрын  және пайда болғаннан кейін 4 күн ішінде байланыстағы адамдарға жұғады

Қызылша аурушаңдығы салдарынан төмендегі аурулардың асқынуына алып келеді:

  • соқырлық;
  • энцефалит(мидыңісінуінежәнецеребральдыбұзылулардыңдамуынаәкелетінинфекция);
  • ауырдиареяжәнеоныменбайланыстыдегидратация;
  • құлақинфекциясы;
  • тыныс алудың ауырпроблемалары, соның ішіндепневмония.

Бұл асқынулардың барлығы - қызылша аурушаңдығының кезінде немесе жазылғаннан кейін бірнеше аптадан соң, имунитет әлсіреп адам ағзасы басқа инфекция жұқтырғанда пайда болады.

Қызылшадан қорғаудың жалғыз және тиімді әдісі- вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы вакцинация тегін және Ұлттық егу күнтізбесіне сай жүзеге асырылады, оған КПК вакцинасының екі дозасы (қызылша, паротит, қызамық) кіреді. Бірінші вакцинация балаларға 12-15 айда, екіншісі — 6 жаста салынады. Зерттеулерге сәйкес, бірінші рет енгізілген вакцинадан кейін иммунитет 90-95% жағдайда, екіншісінен кейін — 95-98% қалыптасады.  Екпе - инфекциялардан қорғану мен адам өмірін сақтаудың қауіпсіз және ең сенімді әдісі.