Ауыз су – белгіленген сапа нормаларына сай ас дайындауға қолданысқа жарамды органалептикалық қасиеттері ( иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б.) және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Олардың негізгілері:
- Иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы тиіс;
- Түсі 200-тан төмен болуы тиіс;
- Мөлдірлігі 30 см-ден артық болуы тиіс;
- Лайлығы 2 мг/л-ден аз болуы тиіс;
- Кермектілігі 7 – 100 ммоль болуы тиіс;
Ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру үшін шикізат ретінде жерасты суын өндіру олардың құрылғысына сәйкес белгіленген санитариялық қорғау аймағы бар болғанда өнеркәсіптік санаттар бойынша судың бекітілген пайдалану қоры бар жерасты суының шығатын орындарында (учаскелерінде) жүзеге асырылуы тиіс.
Алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі (СЭҚ) беріледі. Сонымен қатар, "Алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру объектілеріне, алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру және сақтау шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" 2021 жылғы 23 қарашадағы № ҚР ДСМ - 123 бұйрығымен реттеледі.
Әдетте ыңғайлылық пен гигиена үшін, бөтелкеден немесе контейнерден суды ыңғайлы құюға мүмкіндік беретін құрылғы – диспенсер пайдаланылады.
Диспенсер және техникалық қызмет көрсету:
- Диспенсерлер құрамында зиянды заттар жоқ материалдардан жасалуы қажет;
- Ауыз сумен жанасуға қауіпсіз рұқсат етілген құралдарды пайдалана отырып кем дегенде 3-6 айда бір рет тазалануы, дезинфекциялауы тиіс;
- Диспенсерді тазалау үшін абразивті тазартқыштар мен құрамында еріткіштер (бензин, керосин, ацетон) бар құралдарды қолдануға болмайды;
- Ішкі түтіктерді, резервуарларды органикалық шөгінділерден, микробтардан тазартып тұру, қақпақтағы гигиеналық жапсырмаларды бөтелкені диспенсерге салар кезінде ғана алып тастау қажет;
- Сыртқы беттерін жұмсақ жуғыш затпен жуу және су шүмегі айналасындағы аймаққа ерекше назар аударып, қауіпсіз ауыз суды тұтыну қажет;