Департамент тауарлардың сынамасын зерттеді

Департамент тауарлардың сынамасын зерттеді

✅️Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнімдерді бақылау мақсатында сатып алу аясында 697 тауарлардың сынамасын зерттеді. Зерттелген тауарлардың 170-нен (немесе 24%) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкессіздік фактілері анықталды. Бұл ретте, азық-түлік өнімдеріне қатысты сәйкессіздік көрсеткіші жоғары – сатып алынған 431 азық-түлік өнімінің 91-і , ал зерттелген өндірістік емес тауарлардың 266 сынамасының 79-ы нормативтік актілердің талаптарына сай емес.

✍️Бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша өнімдердің сапасына қойылатын талаптарды бұзушылықтардың 90,5%-тауарларды таңбалау көрсеткіші бойынша, 9,5%-микробиологиялық көрсеткіштер бөлігінде.

✍️ Талаптарға сәйкес келмейтін өнімдер сатылымнан алынып, жедел ден қою шаралары қабылданып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарының бұзылуына әкеп соқтырған мән-жайлар, себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында көтерме және бөлшек сауда қызметін жүзеге асыратын 21 кәсіпкерлік субъектілеріне тергеп-тексеру жүргізіліп, 806060 тг мөлшерде айыппұлдар салынды.  Бұл  тексерулер сапасыз өнімдердің жеткізілу тізбегін, бұзушылықтардың қандай жағдайда орын алғанын анықтауға бағытталған.

✍️ Департамент дүкен сөрелерінен өнімдерді таңдау кезінде бірінші кезекте тауардың таңбалануына мән беруді ұсынады. Таңбалауда өнімнің атауы, дайындалған күні, шарттары мен сақтау мерзімдері, құрамы, тағамдық қасиеттері мен ерекшеліктері және өндіруші туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат көрсетілуі қажет. Сондай-ақ, ЕАС белгісімен таңбаланған өнім Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін расталып, барлық қажетті зертханалық сынақтардан өткенін көрсетеді. Тауарды сатып алмас бұрын сатушыдан декларация, сәйкестік туралы сертификат, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік сияқты тауардың сәйкестігін растайтын құжаттарды талап етуге құқылы екеніңізді хабарлаймыз.