Тырысқақ – аса қауіпті ауру!!!

Тырысқақ – аса қауіпті ауру!!!

Тырысқақ – аса қауіпті ауру!!!

Тырысқақ (холера) – аса қауіпті карантиндік, жедел жұқпалы ауру.Бұл ауру организмнің су-тұзды және белоктық алмасудың бұзылуымен, сусыздануымен, токсикозбен, гастроэнтерит бедгілерінің өтуімен сипатталады. Тырысқақ ауруының ерекшелігі, ауа райы ыстық елдерде: Үндістан, Сауд Арабиясы, Сирия, Туркия, Монголия және т.б көптеген елдерде кездеседі.

Тырысқақ ауруының екі түрі бар. Бірінші түрі негізгі азиялық тырысқақ (классическая азиатская холера), екінші түрі Эль-Тор тырысқағы (холера Эль-Тор). Ауруның екі түрінің көзге көрінерлік айырмашылығы жоқ, адам өміріне қауіпі бірдей деуге болады. Тырысқақ вибрионы – ауру қоздырғышы суда, ашық су қоймаларында, тағамда бірнеше айға дейін сақталады.

Ауру көзі-ауру адам немесе вибриотасымалдаушы (қоздырғышты сыртқы ортаға нәжіспен, кейде құсықпен де бөліп жүреді, бірақ өзі ауырмайды). Адам ағзасына ауру қоздырғышы ауыз арқылы енеді.

Инфекцияның адамға жұғу жолдары: дертке шалдыққан адаммен қарым- қатынаста болып, оның заттарын қолданғанда,  жеке бас гигиенасын сақтамаудың салдарынан, инфицирленген суды қолданғанда немесе инфицирленген суда шомылған жағдайда, көкөністерді жумай пайдаланғанда және ластанған қол арқылы жұғады. 

Аурудың алғашқы белгілері жұқтырғаннан кейін 3-5 күнде пайда болады. Ауру жедел басталады, дене қызуы көтерілмеуі де мүмкін, науқас жиі іш өтуіне, құса беруіне шағымданады. Қоздырғыш организмді  уландыру жолымен асқазан-ішек жолдарының қорыту жұмысын бұзып, науқастың нәжісі иіссіз, түссіз сұйыққа айналады. Алғашқы тәулікте дәреттің жиілігі 5-10 рет, ал ауыр жағдайда одан да көп болады. Науқас көп сұйықтық жоғалтады, одан дене қызуы бірден төмендейді, денесі тырысып, буындары тартылады, жалпы әлсіздік дамиды, еріндерінің көгеруі байқалады, тынысы әлсіз және беткей дем алады. Науқастың жағдайы нашарлап, аузы құрғап,шөлдейді. Кейде аурудың бірінші күндерінде науқас өліп кетуі мүмкін.

Алдын – алу жолдары:

Әрбір адам жеке бас гигиенасын қатаң сақтауы керек. Жеміс –жидек пен көкөністерді тағамға қолданар алдында міндетті түрде жуу, қайнаған сумен шаю, суды және сүтті тек қайнатып ішу, тағам өнімдерін шыбындардан сақтау, тамақ ішер алдында және дәрет алғаннан кейін қолды сабынмен жуу, күдікті не көшеде сауда жасайтын адамдардан тағам және су сатып алмау керек. Арнайы дүкендерден таза, барлық санитарлық талаптарды сақтаған сауда орындарынан тағам және сусындарды сатып алған абзал. Су көздерін әр түрлі ластанулардан сақтау керек. Барлық қоқыстарды салатын шелектердің, ыдыстардың беті тығыз жабылған дұрыс және де қоқыстарды жинайтын орындарды жүйелі түрде залалсыздандырып отыру қажет.

Адам ауырған жағдайда  немесе ауруға күдік туған жағдайда тез арада дәрігер көмегіне жүгініп,  науқас  жұқпалы аурулар ауруханасына оқшаулану керек.