Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
05 сентября 2024
Маймыл шешегі және коронавирустық инфекция аурушаңдығының алдын алу мақсатында семинар өтті

⚜️Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Түркістан Халықаралық Әзірет Сұлтан әуежайында маймыл шешегі және коронавирустық инфекция аурушаңдығының алдын алу мақсатында әуежай қызметкерлері мен жолаушыларға семинар өткізілді.

03 сентября 2024
Тұрмыстық химия өнімдерін таңдау мен қолдануға кеңестер
Біз тұрмыстық химия өнімдерімен күнделікті бетпе-бет келеміз. Себебі, бұл өнімдер тазалау жұмыстарын жеңілдетіп қана қоймай, тезірек, әрі тиімдірек етеді. Алайда, пайдасымен қатар мұндай өнімдер денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін, әсіресе егер сізде аллергия немесе тері ауруларына бейімділік бар болса.
 
Қауіпсіз құрамы бар тұрмыстық химия өнімдерін қалай таңдауға болады?
Тұрмыстық химия тауарлары Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы №299 шешімімен бекітілген «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарда» белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
 
Құралды дұрыс таңдау үшін тұрмыстық химия өнімдерінің тұтынушылық таңбалауын зерттеңіз. Өнімнің өндірушісі туралы мәліметтерді, өндіріс мекен-жайын, өнімнің құрамы туралы мәліметтерді, өнімді тиімді және қауіпсіз пайдалану ережелері мен шарттарын, шығарылған күні мен жарамдылық мерзімін, сақтау шарттарын, сақтық шараларын қоса алғанда, өнімнің атауы мен белгіленуіне назар аударыңыз.
Концентрацияланған өнімді тым көп пайдалануға кеңес бермейміз. Өндірушінің ескертулеріне назар аударып, дозалау және жиілік нұсқауларын орындаңыз. Кейбір құралдарды тек жақсы желдетілетін жерде қолдануға болады, сондықтан, жеке қорғаныс құралдарын қолдануды ұмытпаңыз.
 
Ешқашан тұрмыстық химияны балаларға қол жетімді жерде қараусыз қалдырмаңыз.
Тұрмыстық химия өнімдерін тамақ өнімдеріне жақын жерде қолданбаңыз немесе сақтамаңыз, тамақ өнімдеріне, содан кейін адам ағзасына еніп, қатты улануды тудыруы мүмкін. Өнімдерді ашық күйде сақтамаңыз, ашық ауада кез-келген зат булана бастайды: өнімнің негізгі компоненттері буланып, оның тиімділігін төмендетеді. Буланған заттар ұзақ уақыт бойы ауаның құрамында қалады, содан кейін тыныс алу кезінде адам ағзасына оңай енуі мүмкін.
 
Тұрмыстық химия тауарлары Кеден одағының кедендік аумағына айналысқа шығар алдында синтетикалық жуғыш заттар мен тұрмыстық химия тауарларының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу нысанында сәйкестікті растауды бағалаудан өтеді.
Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті нөмірі бойынша «Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімі» сайтында тексеруге болады.
29 августа 2024
Рентген кабинеттеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Сәулелік диагностика кабинеттері мен бөлімшелері ең төменгі сәуле жүктемесінде жоғары сапалы кескіндеме алуға мүмкіндік беретін, кең ауқымды диагностикалық мүмкіндігі бар заманауи құралдармен жабдықталады және амбулаториялық-емханалық ұйымдардың ғимараттарында орналастырылады.

 Кабинеттерді тұрғын ғимараттардың, мектепке дейінгі балалар және оқу ұйымдарының жапсарлас, жанастыра және жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайларында, сондай-ақ тұрғын ғимараттардың жапсарлас, жанастыра және жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайларының амбулаториялық-емханалық ұйымдарында орналастыруға тыйым салынады.

   Емшара және басқару бөлмелерінің қабырғалары мен төбесінің беттері ылғалды тазалау жұмысын жүргізуге мүмкіндік беретін тегіс болуы тиіс. Рентгенологиялық операция, операция алдындағы үй-жайлардағы, фотозертханадағы еденге су өткізбейтін материалдар төселеді. Кабинеттерде автономды желдеткіш жабдықталады, ауа баптағыштармен қосымша жабдықтауға рұқсат етіледі.

  Кабинетте рентген аппараттарының сипаттамасы және пайдалану жөніндегі нұсқаулығы, дозиметриялық бақылау, рентген аппаратының пайдалану параметрлерін бақылау хаттамалары, кабинетті санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актілері, электр өлшеу аспаптарын тексеру хаттамалары, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болады, сондай-ақ көрінетін жерге пациенттерге арналған медициналық емшаралар кезіндегі дозалық жүктемелер туралы жадынамаларды орналастыру қажет.

Кабинеттердің қабырғаларында және рентген аппараттарын басқару бөлмесінде еденнен 1,6-1,8 м биіктікте немесе есіктің үстінде пациент емшара бөлмесінде болған кезде персонал қосатын "Кіруге болмайды!" деген жанатын табло (белгі) орналастырылады. Пациенттің жай-күйін бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қарау терезесі және дауыс зорайтқыш байланыстың сөйлесу құрылғысы көзделеді.

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін рентген аппараты, электр аспаптары, электр жарығы, желдеткіш ажыратылады, еденді жуу, қабырғаларды ылғалды тазалау арқылы пациентпен жанасатын элементтер мен жеке қорғаныш құралдарын дезинфекциялау жүргізіледі. Ай сайын сірке қышқылының 1-2 % ерітіндісін қолдана отырып, ылғалды тазалау жүргізіледі.

Рентгенологиялық зерттеуге тікелей қатысы жоқ адамдар емшара бөлмесінде болмайды. Рентгенологиялық зерттеулерді жүргізу кезінде емшара бөлмесінде бір пациенттен артық болуға тыйым салынады.

28 августа 2024
МЕКТЕП ФОРМАСЫ

Бала ағзасы тез өсіп дамиды және бұл тұрғыдан оған кедергі келтіруге болмайды. Бұл жағдайда сапасы төменірек немесе өте сапасыз форма баланың дұрыс дамуына зиянын тигізуі мүмкін.

Форма тігілетін барлық маталардың келесі аталған сапалық қасиеттері болуы қажет: жақсы ылғал тартқыштық, ауа өткізгіштік, ылғал сіңіргіштік, құрамында улағыш заттардың өте аз деңдейде болуы.

Кеден Одағының “Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы” техникалық регламентіне сәйкес, барлық өнім мен киім құрамына қарай үш топқа бөлінеді. Регламентте көрсетілгендей жейделер, шалбарлар сияқты мектеп формасы жиынтығының құрамдас бөліктері тұтынушының тері қабатымен шектеулі байланыста болатындықтан, бұл өнімдер 2- топты киімдерге жатқызылады. Негізінен жейделер мен көйлектерді тігуге арналған маталардың құрамында 30-дан 35%-ға  дейін, ал костюмдік жиынтықтарда 55%-ға дейін синтетикалық талшықтардың (полиэстер болуы мүмкін) болуы рұқсат етілген.

Егер, өнім толығымен синтетикалық талшықтардан тұрса, баланың денесі демала алмайды, ол терлейді. Аллергиялық аурулар пайда болуы мүмкін. Киім электрленіп отырады. Сондықтан, матаның құрамында екеуі де қажетті мөлшерлік деңгейде болуы керек.

Тұтынушыларға арналған кейбір белгілер:

  • киімнің(өнімнің) сыртқы қабаты 35%-дан кем болмайтын мөлшерде табиғи талшықтардан немесе вискозадан тұруы керек;
  • киімнің астары (екінші қабаты) 100% табиғи талшықтардан немесе вискозадан тұруы керек. Бұл үнемі ауа өткізгіштіктің болуы үшін қажет;
  • жейделер мен көйлектерде- табиғи талшықтардың немесе вискозаның мөлшері 65%-дан кем емес;
  • киімнің бояуының тұрақтылық сапасын анықтау үшін, матаның кішкентай бөлігін сулап, сүртіп көріңіз- сапалы мата болса, қолыңызда бояудың іздері қалмайды;
  • формаға арналған сапалы матаның маталық тоқымасы жарықты өткізбейді.

    Егер мектеп формасының сапасы мен тігісіне қатысты күмәніңіз туындаса, онда сатушыдан:

  • өнімнің сәйкестігі туралы декларация және қауіпсіздігі жөніндегі гигиеналық қорытындысын;
  • сапалық сәйкестік сертификатын талап етіңіз.
28 августа 2024
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАЙМЫЛ ШЕШЕГІ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНДЫ
⚜️Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нышанов Нұрбек Садықбекұлының төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте Түркістан облысының эпидемиологиялық жағдайы мен тұрақтылығы бойынша басшы орынбасары Бахтыораз Елемесовтің есебі тыңдалып, аурушаңдықтардың алдын алу бойынша жүргізілетін тиісті жұмыстарды бақылап, қадағалау тапсырылды.
⚜️Сонымен қатар, департамент басшысы тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Атап айтқанда:
⚜️Маймыл шешегінің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
⚜️ЖРВИ/ тұмау ауруының алдын алу бойынша жұмыстардың жүргізілуін бақылау;
⚜️Тағамнан уланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын қадағалау.
⚜️Ауыз су мәселесі бойынша маңызды шаралардың атқарылуы, мониторинг жүргізу;
⚜️Жиында сыбайлас-жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу, мемлекеттік қызметшілердің этикасы тиісті деңгейде атқарылуы керектігі тапсырылды.
⚜️Ұйымдастыру бөліміне күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жүктелген тапсырмалар бақылауға алынып, орындалуы апталық лездемелік мәжілісте сұралатыны ескертілді. Мәжіліс қорытындысымен хаттамалық тапсырмалар жаңартылды.
28 августа 2024
Жеке медициналық кітапшалардың электрондық форматына көшуі

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті  «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы  «Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-196/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 9 бұйрығына  сәйкес,  2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке медициналық кітапшалардың электрондық форматына көшуі туралы бойынша облыс халқына хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі  көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жөніндегі шаралар қабылдауда.Атап айтқанда,жеке медициналық кітапшаны (әрі қарай- ЖМК) беруді автоматтандыру процесі аяқталу шегінде. ЖМК жұмысқа жіберу туралы белгі қойылып беріледі және қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасы  және денсаулық сақтау субъектісінің QR-коды арқылы куәландырылады. ЖМК беруді меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар және ақпараттық жүйеде тіркелген ресурстарды басқару жүйесі бар медициналық ұйымдар жүзеге асырады.

26 августа 2024
Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру
 
Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 123-VII ҚРЗ Заңының 2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген нормалар қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар» туралы заңнамасына сәйкес лицензия алуға міндетті.
 
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көрсетеді.
 
Мемлекеттік қызмет электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрде көрсетіледі. Өтінішті «электрондық үкімет» www.egov.kz, www. elicense.kz веб-порталы арқылы түсіресіздер. Лицензия беру мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, ал лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күнінде беріледі.
 
Лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттар:
- жеке және заңды тұлғаның өтініші;
- аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында, не кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында 300 сағаттық сертификациялық курстан өткендігін растайтын құжат пен бағалау парағы;
- санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігері немесе маманы және нұсқаушы-дезинфектордың болуы және денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты туралы мәліметі;
- әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік үй-жайларға, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі;
- жобаланатын объектілер үшін алдын ала (есептік) СҚА-ны Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында аттестатталған сарапшылары бар мекеменің жобалық құжаты.
26 августа 2024
МАЙМЫЛ ШЕШЕГІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІМІЗ КЕРЕК?
 
Маймыл шешегі (mpox) Poxviridae туыстастығына жататын вирустық ауру.
 
Инфекция көзі:
Маймыл шешегінің негізгі жұқтыру көзі жабайы жануарлар: приматтар мен кеміргіштер. Инфекция негізінен ауа тамшылары арқылы, сонымен қатар ауру жұқтырған адамның қанымен немесе оның биологиялық сұйықтықтарымен байланыста болған жағдайда, ауру жануардың етін сою және пайдалану кезінде пайда болуы мүмкін.
Берілу жолдары:
1. Жабайы жануарлармен байланыс-приматтармен (маймылдармен) және кеміргіштермен байланыс;
2. Науқас адаммен тығыз физикалық байланыс (вирус ағзаға зақымдалған тері, тыныс алу жолдары, көз, мұрын және ауыз арқылы, сондай-ақ, биологиялық сұйықтықтар арқылы енеді);
3. Ауа-тамшы жолымен (жабық үй-жайда науқаспен болған кезде) және тері қабатын зақымдау немесе науқастың биологиялық сұйықтықтары бар заттармен жанасу жолымен жүзеге асырылады;
4. Жыныстық қатынас арқылы.
23 августа 2024
СІБІР ЖАРАСЫ - АСА ҚАУІПТІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУ

Сібір жарасы – адамдар мен жануарлар арасында тіркелетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауру жеке органды ғана емес, тұтас ағзаны да зақымдайды, көп жағдайда терінің, кейде өкпенің, ішектің қабынуын және зақымдануын тудырады. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады: ірі қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, ешкілер, бұғылар, түйелер. Ауырған жануардың зәрі мен нәжісінде ауру қоздырғышы анықталады.

Сібір жарасының қоздырғышы – Bacillus anthracis сібір жарасын тудырушы бацилла. Сыртқы ортаға өте төзімді, спора түрінде топырақта 100 жылға дейін белсенділігін жоғалтпайды. Адам ауруды жануарлардан мал сойғанда, малға күтім көрсеткенде, асқа ауру малдың етін, сүтін қабылдағанда, споралары бар терісін қолданғанда жұқтырады. Аурудың формасына байланысты адамда дене қызуының көтерілуі, тері жарасы, ісіну; ауыр формаларында  қанды іш өту және құсу, ішінің ауыруы, өкпе аурулары, жүрек әлсіздігі пайда болады. Емдеусіз ауру өліммен аяқталады.

Сібір жарасының белгілері Қоздырғыш ағзаға тері арқылы (95 пайыз) еніп, бұл жағдай сібір жарасының туындауына әкеп соғады. Спорамен демалса, онда өкпе қабыну түріндегі ауруға шалдығып, оны жұтар болса, ішектің зақымдалу белгілері пайда болады. Инкубация кезеңінің ұзақтығы терілік формада бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсистік формада 6-8 күн. Аурудың екі клиникалық түрі болады: біріншісі - жергілікті тері (карбункулезді, эдематозды, буллезді, эризипеллоидты), екіншісі - сепсистік (өкпелік, ішектік) түрлері. Ең жиі кездесетін түрі карбункулезді түрі. Дененің ашық жерлері зақымдалады. Тек саусақ ұштары, тырнақ орны және мұрын терісі зақымдалмайды.

     Алдын алу шаралары: Сібір жарасынан өлген малдарды көмген орындарды анықтау, есепке алу және залалсыздандыру шаралары, сібір жарасына қарсы жануарларға екпе жүргізу. Сібір жарасын жұқтырған немесе күдіктелген жануарларды дереу оқшалау, жануарлардың әкелінуі мен әкетілуін, ет, сүт және тері шикізаттарының шығарылуын болдырмау. Барлық күдікті жағдайлар жайлы дереу ветеринарлық мекемелерге ақпарат беру. Малды сояр, әсіресе мәжбүрлі сояр алдында ветеринарды міндетті түрде шақыру. Ауру малдың еті мен басқа өнімдерін зертханалық зерттеусіз тамаққа және т.б. мақсаттарда пайдалануға жол бермеу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!!

Өзіңіздің денсаулығыңызды қауіп-қатерден сақтау үшін тағамға қолданылатын мал өнімдерін, оларды өңдеуден өткізу тек қана ветеринар сараптамасынан кейін ғана қолданғаныңыз жөн!  Сараптамадан өткен етті сатып алсаңыз да, өзіңізге ереже етіңіз: етті үйде қолғаппен бөлу керек, тақтай, пышақ тек қана шикі етке ғана арналған болуы керек. Оларды ыстық сумен немесе қайнаған сумен шайыңыз. Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда міндетті түрде тез арада медициналық көмекке жүгініңіз, себебі ем неғұрлым ерте басталса, нәтижесі де қолайлы болады. Сырқатты жұқтырмау үшін ет алуда абай болу керек. Еттің ветеринарлық зертханадан өткендігі туралы анықтаманың болуы маңызды!!!

Есте сақтаңыз: сібір жарасы аса қауіпті жұқпалы аурулар қатарына жатады

23 августа 2024
МОНШАЛАР МЕН САУНАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
Бүгінгі таңда халық жиі баратын қоғамдық орындардың бірі моншалар мен сауналар. Моншаға бару еркін және жеңіл сезінуге, физикалық және психологиялық жағымды әсер етеді. Алайда моншалар мен сауналар вирустық, бактериялық, паразиттік және терінің саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштарына таптырмас орта екенін ескеру қажет. Жұқпалы аурулардан сақтану үшін бірнеше санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтау қажет. Моншалар мен сауналарға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық саутау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» №67 бұйрығымен реттелген.
 
Негізгі талаптарға тоқталатын болсақ, ең алдымен моншалар мен сауналардың үй-жайларында тазалық сақталуы қажет.
Моншалар мен сауналар көп функционалды ғимараттарда орналасқан кезде будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулау қамтамасыз етілуі тиіс. Моншаларда сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді. Суды бұру траптары бітеліп қалмауы тиіс және еденде лас су жиналмау қажет. Кәріз жүйелерінің санитариялық-техникалық желілері, құрылғылары мен аспаптары жарамды күйде болуы қамтамасыз етіледі.
Шешіну-киіну және себезгі бөлмелерінде ағаш траптар емес, резеңке кілемшелер орнатылуы керек. Әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялау құралдарымен өңделуі қажет. Дезинфекциялаудан кейін аяқ киім жуылады және кептіріледі. Жуыну үшін жоғары температура әсеріне төзімді және оңай жуылатын және өңделетін легендер пайдаланылады. Моншалар мен сауналарда жеке қолданылатын және пакеттерде берілетін таза және құрғақ киім-кешек (ақжаймалар, сүлгілер) пайдаланылады. Таза киім-кешек пайдаланылғандардан бөлек сақталады.
 
Жуынып-шайыну залдарының едендерін тазалау және жуу күн сайын және қажеттілігіне қарай жүргізіледі. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды, сөрелерде жуу және дезинфекциялау жүргізу қажет. Моншалар мен сауналардағы бассейндер жинау жұмыстары күн сайын күнінің соңында, егер қажет болса, ауысым арасындағы үзіліс кезінде жүргізіледі.
 
Жарақаттану мен жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында сынған жапсырма плиткалар, жабындылар мен жабдықтардың тұтастығы бұзылғанда уақтылы жөнделуге жатады.
 
Монша мен сауна сіздің денсаулығыңызға зиянын тигізбей, тек пайдалы болуы үшін осы талаптардың сақталуына мән беріңіз.
Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы