
2025 жылғы 16 мамырда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаевтың төрағалығымен департамент пен аумақтық басқармалар басшылары мен мамандарына арналған құқықтық оқыту семинары өтті.

Семинар барысында С.М. Барменбаев интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы айтып, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ департаменттің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.М. Әріпхан сөз сөйлеп, келесі тақырыптар бойынша ақпарат ұсынды:
— 2025 жылғы 23 сәуірдегі № М 2-21-25-01314 Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсынуын қарау;
— Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің баптары бойынша нормаларды түсіндіру.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.