
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында бейнебайланыс режимінде семинар өткізілді. Іс-шараға аумақтық басқармалардың мамандары қатысты. Семинарда инфекциялық емес аурулардың (ИЕА) алдын алу мәселелері, «Салауатты қалалар», «Денсаулыққа ықпал ететін мектептер», «Салауатты жұмыс орындары», «Салауатты университеттер» бастамалары және өндірістік нысандардағы еңбек жағдайларын бақылау мәселелері қарастырылды.

Семинарда департамент басшысының орынбасары Күшбасов А.С. сөз сөйлеп, өңірдегі инфекциялық емес аурулардың алдын алу жөніндегі өзекті мәселелерге тоқталды.

Іс-шара барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамалары мен «Жұмыс орындарын аттестаттау» тақырыбын қамтитын еңбек жағдайларын бақылау бойынша презентациялық материал ұсынылды.

Семинар қорытындысында ИЕА-ның алдын алу бағытындағы негізгі жұмыс бағыттары айқындалып, мүдделі мекемелер мен жұмыс берушілер арасында өзара іс-қимылды күшейту, кәсіпорындарда жұмыс орындарын ұйымдастыру және аттестаттау мәселелері талқыланды.