
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын Еуропалық иммундау апталығын өткізеді, биыл Еуропалық иммундау апталығы 2025 жылдың 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында «Жаппай иммундау – адамның қолынан келеді» ұранымен өтіп жатыр.

Еуропалық иммундау апталығының мақсаты - әр адам үшін ұзақ және салауатты өмір сүруге ықпал ететін вакциналарға тең құқықты және кең көлемде қол жеткізудің маңыздылығын атап өту.

Еуропалық иммундау апталығының негізгі міндеті:
Вакцинацияланғандардың және вакцинациялан -бағандардың денсаулығын ұжымдық иммунитет арқылы қорғау үшін вакциналардың қалай жұмыс істейтіні туралы хабардарлықты арттыру.

Вакцинацияның арқасында жұқпалы аурулар бойынша
*2002 жылы (2011 жылы қайта) Қазақстан полиомиелитсіз аумақ ретінде сертификатталды.
* Жабайы вирус - полиомиелиттің айналымы Пәкістанда, Ауғанстанда жалғасуда, бұл дегеніміз инфекцияның елге әкеліну қаупін сақтайды.

Соңғы жылдары екпеге бағынатын келесі жұқпалы аурулар бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалды:
- қызамық - 2 мың еседен астам (1998 жылы 15346 жғ. 2024 жылы 11 жғ.дейін.);
- паротитпен - 46 еседен астам (1998 жылы 5490 жғ. 2024 жылы 118 жғ. дейін);
- халық арасында «В» вирустық гепатитімен - 70 есе (1998 жылы 3943 жғ. 2024 жылы 57 жғ. дейін.), ал осы инфекцияға қарсы егілген балалар арасында 136 есе («В» вирустық гепатитіне қарсы вакцинация 1998 жылдан бастап енгізілді 1998 жылы 953 жғ. 2024 жылы 7 жғ.дейін.);
- дифтерия (2009 жылдан бастап), полиомиелит (1996 жылдан бастап) жағдайлары тіркелмеген;
- сіреспенің жекелеген жағдайлары тіркелуде, олар негізінен екпе алмаған адамдар арасында тіркеледі.

Қазақстан Республикасының профилактикалық егулерінің ұлттық күнтізбесі 13 жұқпалы ауруға қарсы иммундауды қамтиды. ҚР егу күнтізбесі үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда тіркелген инфекциялар аясында күнтізбені үнемі қайта қарап отырады.

Өткен жылы Ұлттық күнтізбеге 11 жастағы қыздардың адам папиллома вирусына қарсы вакцинация енгізілді. иммундау науқаны былтырғы жылдың қыркүйегінен басталды. Біздің облыста 11 жастағы 1559 қыз және 12-13 жастағы қыздарды толықтырып иммундау кезінде 1986 қыз егілді. Иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.

Елімізде жыл сайын шамамен 5 млн.адам вакцинацияланады, оның ішінде жоспарлы иммундау кезінде 1,3 млн. бала егіледі. Сатып алуға 30 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады.
Облысымызда жыл сайын 26000 – ға жуық бала егіледі.

Облыста 2025 жылдың 3 айында қызылшаның 47 жағдайы тіркелді, аурудың тіркелуінің төмендеу үрдісі байқалуда (қаңтар – 16, ақпан – 23, наурыз – 8.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 4,9 есеге төмендеуі байқалады (2024 жылдың 3 айы - 231 жғ.).

Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың тіркелуінің себептерінің бірі - профилактикалық екпелермен қамтудың төмендеуі және халықтың иммундық емес қабатының қалыптасуы.

Қызылша жағдайларының ішінде 96% (45 жғ.) егілмеген.

Сондай–ақ, 2025 жылдың 3 айында облыс бойынша көкжөтелдің 13 жағдайы тіркелді, аурудың тіркелуінің төмендеу үрдісі байқалады (қаңтар – 7, ақпан – 5, наурыз-1).

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 4 жағдайға төмендеуі байқалады (2024 жылдың 3 айы - 17 жғ.).

Көкжөтел жағдайларының ішінде 100% (13 сл.) егілмеген.

Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың тіркелуінің негізгі себебі ата–аналардың профилактикалық екпелерден бас тартуы болып табылады, 2025 жылдың 1 тоқсанында біздің облыста 547 екпеден бас тарту тіркелді, бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда екпеден бас тартудың 6%-ға өсуі байқалады (2024 жылдың 1 тоқсаны - 514).

Профилактикалық егулердің маңыздылығы туралы санитарлық-ағарту жұмысы барысында 2025 жылдың 1 тоқсанында бұрын бас тартқандар қатарынан 21 бала егілді (Петропавл қ. – 10, Есіл ауданы – 5, Жамбыл ауданы – 2, Ақжар, Аққайың, Қызылжар және Тимирязев аудандарында 1 адамнан егілді).

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ата -аналардың вакцинация туралы сенімді ақпарат алуы үшін 7701 байланыс орталығы бар, оған жұмыс уақытында барлығы қоңырау шалып, вакциналар туралы ақпарат ала алады.

Сондай-ақ, Қазақстанда
https://egu.kz бірыңғай порталы жұмыс істейді, онда иммундаудың барлық аспектілері туралы қол жетімді ақпаратты табуға болады.

Жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық екпе алуға, өздеріңізді және жақындарыңызды қорғауға шақырамыз.