📌Тағамдық уытты инфекциялардың алдын алу.

📌Тағамдық уытты инфекциялардың алдын алу.
⚡️Азық-түліктің уытты инфекциясы (АУИ) – бұл адам ағзасынан тыс, көп жағдайда тамақ өнімдерінде пайда болатын бактериялардың тіршілік ету нәтижесінде пайда болатын токсиндерді жұқтырудан туындайтын ауру. Уытты шығаруға қабілетті бактериялардың түрлері аз емес. Көптеген токсиндер ластанған тағамдарда ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, ал кейбіреулері әртүрлі өңдеуге, соның ішінде бірнеше минут қайнатуға төзімді болып келеді. Азық-түліктің уытты инфекцияларына тән белгі - қысқа уақыт ішінде көптеген адам ауруға шалдығып, аурудың өршуі. Бұл әдетте инфекция жұқтырған өнімді тұтынған кезде орын алады.
⚡️Инкубациялық кезең отыз минуттан жиырма төрт сағатқа дейін созылады, көп жағдайда екі-төрт сағатты құрайды. Уытты инфекцияға келесі белгілер тән:
- жүрек айну, құсу;
- сұйық нәжіс (күніне 10-15 рет ауырсынумен болуы мүмкін);
- дене температурасының 38-390 С дейін көтерілуі мүмкін;
- бас ауруы, әлсіздіктің пайда болуы;
- терінің құрғауы.
✨Тамақтан уланудың алдын алу. Аталған шаралар сізге және сіздің жақындарыңызға тағамдық уытты инфекцияны болдырмауға көмектеседі:
- жеке гигиена ережелерін сақтау: тамақ дайындамас бұрын және тамақ ішер алдында, дәретханаға барғаннан кейін, көшеден келгеннен кейін қолыңызды сабынмен мұқият жуу керек;
- пайдалануға дайын және шикі өнімдерге бөлек бөліп-турауға арналған тақталар мен пышақтарды қолданыңыз;
- сатып алынатын өнімдердің қаптамаларында көрсетілген жарамдылық мерзімдерін, сақтау шарттарын мұқият қадағалаңыз;
- тез бұзылатын өнімдерді сақтау және дайындау шарттарын сақтау. Тез бұзылатын өнімдерді ұсынылған температуралық режимді сақтай отырып, тоңазытқышта сақтаңыз. Тез бұзылатын өнімдерді (ет, балық, тауық жартылай фабрикаттары және т.б.) пісірген кезде жеткілікті термиялық өңдеуден өткізіңіз;
- көкөністерді, жемістер мен жидектерді мұқият жуып, қайнаған сумен шайып жіберіңіз;
- ыстық елдерге саяхаттау кезінде: тек бөтелкедегі суды ішіңіз, жабық ыдыстағы мұзсыз сусындарды алыңыз.
⚡️Тамақтан улану жағдайлары көбінесе ыстық мезгілде болатынын ескеріп, мұқият және сақ болыңыздар.