Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
📌2025 жылғы 30 сәуірде СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде келесі тақырыптар бойынша семинар өтті: «Жазғы сауықтыру лагерьлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, тамақтануды ұйымдастыру және медициналық қамтамасыз ету», сондай-ақ «Балалар сауықтыру ұйымдарында тамақтан уланудың алдын алу».
⚡️ Семинарға лагерь директорлары мен әкімшілік өкілдері, медициналық қызметкерлер, аумақтық білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, сондай-ақ аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты.
✨Семинар барысында келесі мәселелер қаралды:
• халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес балалар сауықтыру ұйымдарына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі;
• жазғы лагерьлердегі тамақтану мен медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
• балалардың тамақтан улануының алдын алу шаралары.
✨ Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.