Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
⚡️2025 жылғы 24 ақпаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған туберкулезге қарсы айлық басталды. Биылғы жылы айлық «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз» ұранымен өтуде.
✨Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні аясында, сондай-ақ медициналық кадрлар мен СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басқармаларының мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында, 2025 жылғы 18 наурызда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары Облыстық фтизиопульмонология орталығы және «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының мамандарымен бірлесіп, туберкулез ошақтарында профилактикалық, індетке қарсы және дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша онлайн-семинар өткізді. Семинарға туберкулезге эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін медициналық қызметкерлер мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты.
⚡️Семинардың мақсаты – туберкулез ошақтарында профилактикалық, індетке қарсы және дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру.
✨Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.