
Жаңа жыл қарсаңында барлығы, әсіресе балалар сыйлықтарды асыға күтеді. Осы орайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды және жаңа жылға дәмді, сапалы және қауіпсіз тәтті сыйлық алу үшін тәттілерді қалай дұрыс таңдау керектігін және бірнеше ережені ұмытпау қажеттігі туралы еске салады.

Жаңа жылдық тәтті сыйлықтарды ұйымдастырылған сауда орындарынан (дүкендер, супермаркеттер, ресми базарлар) сатып алған жөн.

Сатып алу кезінде қаптамаға назар аударыңыз - ол бұзылмаған күйде, өнімнің таңбасында келесі мәліметтер болуы керек:
1) атауы;
2) құрамы;
3) саны;
4) дайындалған күні;
5) жарамдылық мерзімі;
6) тамақ өнімдерін сақтау шарттарының, оның ішінде қаптаманы ашқаннан кейін де болуы;
7) тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорынның атауы және орналасқан жері немесе тамақ өнімдерін өндіретін жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты және мекенжайы, дайындаушының уәкілетті тұлғасының аты-жөні және мекенжайы, импорттаушы ұйымның атауы және орналасқан жері немесе импорттаушы жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты және мекенжайы;
8. тамақ өнімдерін пайдалану, оның ішінде дайындау бойынша ұсыныстар мен шектеулер мына жағдайларда көрсетілуі тиіс, яғни өнімді аталған ұсыныстар мен шектеулерсіз пайдалану мүмкін болмаса немесе тұтынушылардың денсаулығына, мүлкіне зиян келтірілетін болса, тамақ өнімдерінің дәмдік қасиеттерінің төмендеуіне немесе жоғалуына алып келетін болса;
9) тағамдық құндылықтың көрсеткіштері;
10) тамақ өнімдерінде гендік-модификацияланған ағзаларды қолдану арқылы алынған компоненттердің бары туралы мәліметтер.
11) Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі.

Жарамдылық мерзімі тәтті жиынтықтың құрамына кіретін ең тез бұзылатын өнім бойынша белгіленеді. Сыйлықты қаптамаға салу күні сатып алып жатқан күнге жақын болуы керек, бұл кәмпит, вафля және піспенанның барынша балғын болуын қамтамасыз етеді.

Балаларға сыйлық таңдағанда, кондитерлік өнімдердің құрамында ең аз мөлшерде тағамдық қоспалар, консерванттар, гидратталған майлар мен трансмайлардың болуына баса назар аудару керек.

Сондай-ақ сіз тәтті сыйлықты өзіңіз де жасай аласыз. Мәселен, балалардың сүйікті кәмпиттерін сатып алыңыз, тәттілерге ойыншық қосыңыз (міндетті түрде пакетте) және әдемі безендіріңіз.

Өрік дәні, жержаңғақ сияқты ықтимал аллергендердің бар-жоғына назар аударыңыз. Оларды балалардың тамағында қолданбаған жөн. Айта кететіні, карамель, оның ішінде мұз карамелді, балаларға арналған тәтті жиынтыққа салмаған дұрыс болады.

Сапалы тәтті жиынтықтың құрамында шоколад, кәмпиттер (желе, вафля, суфле толтырылған) болуы мүмкін, міндетті түрде қаптамада: вафли, пірәндік, печенье (бисквит, галет), жұмсақ ирис, пастила, зефир және мармелад болады. Соңғы екі компонент басқа тәттілермен салыстырғанда қанттың аз болуына байланысты ең зиянсыз болып табылады. Бұнымен қоса, мармелад пен зефирдің құрамында ас қорытуға пайдалы пектин бар.

Тәттілердің құрамында дәм мен хош иісті күшейткіштер, консерванттар (Е200, Е202, Е210, Е249), синтетикалық бояғыштар, табиғи дәмге ұқсас хош иістендіргіштер, гидрогенизацияланған майлар, табиғи кофе болмауы тиіс. Бұл ингредиенттерді балаларға арналған кондитерлік өнімдерде қолдануға тыйым салынған. Бірақ табиғи бояғыштар мен хош иістендіргіштерді пайдалануға рұқсат етіледі.

Сыйлықтың ішінде кондитерлік өнімдермен бірге ойыншық болуы мүмкін, ол тағам өнімдеріне қауіпсіз арнайы қаптамада болуы керек. Жас шектеулері мен қауіпсіздік шараларын есте ұстаған жөн. 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарда табиғи жүн мен тері болмауы керек - бұл өте күшті аллергендер. Сондай-ақ, ойыншықта әйнек және басқа сынғыш материалдар, ұсақ бөлшектер, оның ішінде көлемі ылғалды ортада 5% -дан асатындар болмауы тиіс.

Сіздің талабыңыз бойынша сатушы сыйлықтың барлық құрамдас бөліктерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестік туралы декларацияларды ұсынуға міндетті.

Егер тәтті сыйлықтар мен ойыншықтардың сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты күмән туындаған жағдайда, сіз тауарды сатып алу орны бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жүгіне аласыз.

Осы қарапайым алдын алу шараларын орындау қауіпсіз сыйлықты таңдауға ғана емес, сонымен қатар Сіздің және туыстарыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға көмектеседі.