АИТВ және оның алдын алу шаралары

АИТВ және оның алдын алу шаралары

1-желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында оның алдын алу шаралары туралы сөз қозғаймыз.

1-желтоқсанда әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-мен күрес күнін атап өтеді, оның мақсаты халықтың осы ауру жөніндегі хабардарлығын жоғарылату.

Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) - бұл организмнің иммундық жүйесін зақымдайтын инфекция. АИТВ инфекциясының ең соңғы сатысы жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) болып табылады. АИТВ қанның ақ жасушаларын зақымдайды, бұл иммундық жүйенің әлсіреуіне әкеледі. Бұл туберкулез, жұқпалы аурулар және онкологиялық аурулардың кейбір түрлері сияқты аурулардың даму ықтималдығын арттырады. АИТВ қан, емшек сүті, тұқымдық сұйықтық және қынаптық бөлінділер сияқты АИТВ-мен өмір сүретін адамдар ағзасының әртүрлі сұйықтықтары арқылы жұғады. АИТВ жүктілік және босану кезінде де балаға берілуі мүмкін. Сүйісу, құшақтау және қол қысу сияқты әдеттегі күнделікті байланыстарда немесе жеке заттарды бірлесіп пайдаланғанда және тамақ өнімдерін немесе суды пайдаланғанда инфекция таралмайды. АИТВ инфекциясын ретровирусқа қарсы терапия көмегімен емдеуге және алдын алуға болады. Емдеу болмаған жағдайда АИТВ инфекциясы ЖИТС-ға көшуі мүмкін, көбінесе жұқтырғаннан кейін көп жылдар өткен соң. Жұқтырған адамдардың көп бөлігі өте белсенді жаста.

Жыл сайын жұқтыру саны жұқпа жұқтырылған серіктесімен тән аралық қатынаста болудан ұлғаюда. Жұқтырудан құтылу үшін кездейсоқ жыныс аралық, тән аралық тәртіпсіз жыныстық қатынаста болатын жандардан, сонымен қатар инъекциялық есірткі жабдықтарын қолданатындармен қатынасты болдырмау. Есірткілік заттарды және алкогольдік сусындарды қолдану адамның жыныстық қатынастағы талғағыштық қабілетін төмендетеді. Бұндай күйде қорғаныш құралдары туралы үнемі ұмытады, сондықтан жұқтыру мүмкіндігі артады. Еркектер және әйелдер, жыныстық қатынасқа түсе отырып, өзінің денсаулығы және берекелігі, сонымен қатар сондай-ақ серіктесінің де денсаулығын ойлауы тиіс. Тән аралық қатынаста мүшеқапты дұрыс пайдалану жұқтыру қаупін азайтатынын есте сақтау қажет. Бұрын жұқтыру себебі болғаны жөнінде күдік болса, АИТВ-на қан сараптамасын жасату ұсынылады, ол үшін тұрғылықты жерде дәрігерге көріну керек. Анонимдік тексеруден облыстық ЖИТС-тің алдын алу орталығында өтуге болады. Біздің облыста АИТВ жұқпасын жұқтырудың жартысынан көп жағдайы көктамырға есірткі жіберу кезінде өтеді. Қазіргі уақытта АИТВ жұқпасының таралуы көктамырға есірткі жіберетін есірткіқұмарлар арасында әлдеқайда жоғары, басқа қалған халық арасында, және осы дәрежедегі науқастар жұқпаның негізгі көзі болып табылады. Жекебас тазалығында қарапайым ережелерді сақтаудың өзі кездейсоқ жұқтырудан қорғауы мүмкін. Бөтендердің тіс щеткасымен, қырынғышымен, жекебас тазалық құралдарымен пайдалануға болмайды, қайсыбір қан іздері қалатын. Медициналық емес ұйымдарда ине шаншумен емдеуден, тату жасау(өрнек салу) және құлақ ұштарын зарарсыздандырылмаған құрал-саймандармен тесуден аулақ болу қажет. Вирус өзінің құрбанын таңдамайды, бірақта адамның жұқтыруды болдырмау мүмкіндігі бар, әрқашан АИТВ жұқпасының алдын алу шараларын сақтау немесе өзіңнің және жақын адамдардың денсаулығын қатерге тікпеу қажет.