📌Азық-түлікті қалай дұрыс таңдау керек?

📌Азық-түлікті қалай дұрыс таңдау керек?
🔹Азық-түлік таңдау адамның хал-жағдайына және өмір сапасына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Қазіргі уақытта дүкен сөрелерінде неше түрлі тауар көруге болады және біздің денсаулығымыз тікелей өнімдерді дұрыс таңдауға байланысты.
🔹Азық-түлік таңдауы екі негізгі кезеңнен тұрады:
1. Тауар мен қаптаманы органолептикалық бағалау, яғни олардың сыртқы түрін, иісін және басқа сипаттамаларын талдау.
2. Таңбалауды - қаптамада және затбелгіде орналастырылған ақпаратты мұқият зерделеу.
🔹Тауардың өзіне де, оның қаптамасына да назар аудару маңызды. Қаптамадағы дақтар, сызаттар, сұйықтықтың аққан іздері мен басқа да кемшіліктер - мұның бәрі өнімнің сапасыз екендігін көрсетеді. Мұндай өнімдер сөрелерге қойылмауы керек. Қаптамаға қарап, ішіндегі өнімнің мөлшерін анықтай аласыз. Аз мөлшердегі өнімді, мәселен, ерекше геометриялық пішіндегі, қаптаманың түбіндегі ойық жасыруы мүмкін. Бірақ қаптаманың қарапайым болуы таңдауға кедергі келтірмеуі керек. Көп жағдайда өндірушілер тұтынушыға қолжетімді бағамен сапалы өнімді ұсыну үшін дизайнды қарапайым түрде жасап, үнемдейді. Сатып алушылардың басым бөлігі өнімнің сыртқы қаптамасына ғана назар аударып қояды. 🔹Дегенмен, бұл сапалы азық-түлік сатып алу кезінде ескеретін тек алғашқы қадам ғана.
🔹Егер өнім көзге жақсы көрінсе, бұл оның «дәмді және пайдалы тағам» екенін білдірмейді. Басқа критерийлерге, яғни өнімнің балғындығына, иісіне, тығыздығына, түсіне назар аударыңыз. Жеуге дайын тағамдарды таңдағанда, құрамы қысқа жазылған болса, өнім соғұрлым қауіпсіз деген сөз. 🔹Жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз! Жергілікті маусымдық көкөністер мен жемістерді таңдаңыз. Өнімнің құрамында әрқашан түсінікті және таныс ингредиенттер, мәселен: «құрғақ сүт емес» - сүт, «жұмыртқа ұнтағы емес» - жұмыртқа болуы керек.
🔹Сауда жасау рұқсат етілмеген орындардан азық-түлікті сатып алмаңыз! Атап айтқанда, бұл өнімдерге сүт өнімдерінің барлық түрлері, шикі жұмыртқа, құс еті, әртүрлі ет түрлері, кесілген көкөніс тағамдары, кондитерлік өнімдер, әсіресе тәтті нан мен ақуыз кремі бар торттар жатады, әсіресе құс етінен дайындалған тағамдарды, жұмыртқа қосылған тағамдарды, майонез және қаймақ қосылған салаттарды сатып алу аса қауіпті. 🔹Азық-түлік өнімдерін сату санитариялық қағидалардың және санитариялық ережелер мен нормалардың талаптарын сақтай отырып, «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-73 бұйрығына, «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «СҚ бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына және «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» КО ТР 005/2011 техникалық регламенттерінің, «Тамақ өнімдері оны таңбалау бөлігінде» КО ТР 022/2011 талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
🔹Азық-түлік таңдау кезінде қарапайым ережелерді ұстаныңыз, бұл сіздің денсаулығыңызды және туыстарыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға көмектеседі!