📌Химиялық заттарды, пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды, өткізуді, пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындарға қойылатын талаптар

📌Химиялық заттарды, пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды, өткізуді, пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындарға қойылатын талаптар
📌«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы ҚР ДСМ- № 220/2020 бұйрығына сәйкес химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттар мен пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалар олар үшін рұқсат беру тәртібі белгіленген жоғары эпидемиялық маңызы бар объектілерге жатады. Яғни жеке және заңды тұлғалар химиялық заттарды, пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтаумен, өткізумен және қолданумен байланысты қызметті басқа біреуге берілмейтін және мерзімсіз болып табылатын санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (екінші санаттағы рұқсат) болған жағдайда жүзеге асырады және бұл қорытындыны басқа субъектілерге уақытша пайдалануға беруге болмайды.
📌Адамның өмір сүру ортасына қолайсыз әсер ету жағдайларын, сондай - ақ байқаусызда улану жағдайларын болдырмау мақсатында - улы химикаттарды сақтау, өткізу, пайдалану Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады:
📌Күшті әсер ететін улы заттарды (бұдан әрі – КӘУЗ), прекурсорларды, пестицидтерді шатыр, ашық аспан астында сақтауға жол берілмейді. КӘУЗ, химиялық заттарды, прекурсорларды, пестицидтерді сақтауға арналған үй-жайларда табиғи және механикалық ағынды-сорғылы желдеткіштер орнатылуы керек.
📌КӘУЗ, химиялық заттар, прекурсорлар, пестицидтер қоймалары залалсыздандыруға арналған құралдармен, жеке қорғану құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) және медициналық қобдишамен қамтамасыз етіледі.
📌Арнайы киімсіз және ЖҚҚ-сыз, сондай-ақ ақаулы немесе жарамсыз ЖҚҚ жұмыс істейтіндер жұмысқа жіберілмейді.
📌Пестицидтерді арнайы салынған үлгілік немесе бейімделген үй-жайларда, қоймаларда сақтауға болады. Пестицидтерді сақтау үшін жеркепелерді, жертөлелерді, жерқоймалар мен жанармай қоймаларын пайдалануға жол берілмейді. Қойманың аумағындағы бос ыдыстарды жинауға арналған аспасы бар, машиналардың кіруі мен бұрылуы үшін жеткілікті алаң, бос ыдыстарды зарарсыздандыруға арналған алаң міндетті түрде қоршалады.
📌Қойманың үй-жайы сақталатын өнімнің көлемін немесе тоннажын есептей отырып жобаланады. Пестицидтер қоймаларында мынадай бөлімшелер болуы тиіс: пестицидтерді сақтауға арналған жалпы бөлімше, өрт-жарылғыш пестицидтерді сақтауға арналған бөлімше, аса қауіпті пестицидтерді сақтауға арналған бөлімше (қауіптілігі 1-сыныпты), жеке қорғаныс құралдарын, суды, сабынды, сүлгілерді және алғашқы көмек қобдишаларын сақтауға арналған бөлімше.
📌Бөлме сөрелермен, табиғи (терезелермен, желкөздер) немесе мәжбүрлі желдетумен жабдықталуы керек. Қоймада қолжуғыш, ірі базистік қоймаларда – душ қондырғысы орналастырылады. Қойма құлыппен жабылады.
📌Қоймалық үй-жайда пестицидтерді тамақ өнімдерімен, жемшөппен және шаруашылық мақсаттағы әртүрлі материалдармен және заттармен бірге сақтауға болмайды.
📌Пестицидтерді минералды тыңайтқыштармен бірге сақтауға тыйым салынады. Пестицидтерді қойма ішіне орналастыру олардың уыттылығы мен жанғыштығы, химиялық үйлесімділігі және сақтаудың температуралық режимдері бойынша жіктелуіне сәйкес жүргізіледі.
📌Құрамында су бар препараттар (формалин, карбатион, 2,4-Д амин тұзы және барлық эмульсиялық май концентраттары) қыста жылытылатын бөлмеде сақталады.
📌Персонал қойманың ішінде тек пестицидтерді қабылдау, түсіру және есепке алу кезінде ғана бола алады.
📌Пестицидтерді жіберу және тасымалдау техникалық шарттарға сәйкес келетін саңылаусыз, жақсы жабылған ыдыста жүзеге асырылады, ыдыс сыртында өшпейтін бояумен жазылған жапсырмалар болуы тиіс. Әр ыдыстың сыртына препаратты қолдану, пайдалану және сақтау шарттары бойынша қысқаша нұсқаулық жапсырылады.
📌Тез бұзылатын пестицидтерді қолданар алдында, олардың сақтау мерзіміне қарамастан, белсенді заттың пайызын талдау және тұтыну нормаларын түзету жүргізіледі.
📌Пайдаланылмаған пестицидтердің қалдығы ыдыспен бірге қоймаға тапсырылады.
📌Пестицидтерді зауыттық қаптамасыз немесе қаптаманың бүтіндігі бұзылған жағдайда қоймадан жіберуге жол берілмейді.
📌Пестицидтердің түсуі мен жіберілуі тігілген және нөмірленген кіріс-шығыс кітабында есепке алынады. Жыл сайын жыл соңында қоймада қалдықтарды алу актісін жасай отырып, пестицидтерге түгендеу жүргізіледі.
📌Ауыл шаруашылығында қолдануға тыйым салынған және жарамсыз пестицидтердің қалдықтары олар жойылғанға дейін қоймада сақталады. Пайдаланылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша сақтауға арналған орындардан басқа жұмыс орындарында қалдыруға жол берілмейді.
📌Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану тіркеу куәлігі болған кезде ғана жүзеге асырылады.
📌Шаруашылық - ауыз су құбырлары көздерінің қатаң режимі аймағында пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға жол берілмейді. Шектеу аймағында қауіптілігі 1 және 2-сыныпты пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалануға тыйым салынады.
📌Пестицидтерді (улы химикаттарды) балалар, спорттық-сауықтыру, медициналық мекемелердің, мектептердің, қоғамдық тамақтану және тамақ өнімдерін сататын кәсіпорындарының аумағында қолдануға жол берілмейді.
📌Барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарының облыс аудандарында авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізу кезінде су айдындарының, топырақтың, пестицидтер қалдықтарымен ластауын болдырмау мақсатында авиатехникаға (ұшақтар, бүрку техникасы, улап құрту машиналары) жанармай құю және орналастыру орындарын ретке келтіру қажет.
📌Жоғарыда аталған талаптарды, қауіпсіздік пен қорғаныс шараларын қатаң сақтаған жағдайда ғана химиялық заттардың, пестицидтердің адамның өмір сүру ортасына жағымсыз әсерін болдырмауға болады.
📌Ең алдымен қырағылық таныту қажет !!!.