
Инъекциядан кейінгі асқыну - бұлшықет, көктамыр, тері ішіне немесе тері астына дәрі-дәрмектерді дұрыс салмаудан туындайды.
Инъекциядан кейінгі қабынып асқынудың негізгі себептері:

енгізілетін дәрілік препараттардың физика-химиялық қасиеттері;
инъекция кезінде қанды ісіктің пайда болуы және іріңдеуі;

бір рет қолданылатын шприцтерді қайта пайдалану;

инъекциялық иненің инъекция түріне сәйкес келмеуі;

дұрыс емес инъекция жасау техникасы;

иммундық қорғаныстың төмендеуі;

патогендік микрофлораның қолданылатын антибиотиктерге төзімділігінің жоғарылап өзгеруі;

есірткіні көктамыр ішіне енгізіп қолданатын нашақорлар санының өсуі;

асептиканың жеткіліксіз сақталуы;

патогенді стафилококктың болуы.

Инъекциядан кейін жиі орын алатын асқынулар:

Абсцесс
Инъекциядан кейінгі абсцесс - бұл дәрілік инъекция орнында жұмсақ тіндердің шектеулі іріңді қабынуы. Абсцесс кезінде іріңмен толтырылған қуыс пайда болады.

Іріңді процесс инфекция түскен кезде өрши түседі. Іріңдеткіш қоздырғыштар (стафилококк, стрептококк, көкіріңді таяқша, инфекциялардың анаэробты тобы, протей) жұмсақ тіндерге экзогендік жолмен - сырттан, сондай-ақ эндогендік жолмен созылмалы инфекция ошағынан қан мен лимфа ағысымен (тісжегі, ангина, органдар мен тіндердегі іріңдеу) енуі мүмкін.

Флегмон
Жұмсақ тіндердің жайылған іріңді қабынуының жіті процесі. Бұлшықет, сүйек, сіңір арқылы жасуша кеңістігінде тез таралуға бейім. Патологиялық процесс тұтас анатомиялық аймақтарға таралады.

Флегмона стафилококк, стрептококк, көкіріңді таяқша, протей, бактероидтар сияқты іріңдеткіш микроорганизмдердің тіндерге енуінен өршиді. Флегмона көп жағдайда терінің, шырышты қабаттардың зақымдануынан орын алады.

Инъекциядан кейінгі асқынулардың алдын алу - антисептикалық ережелерді сақтау болып табылады.

Сондай-ақ, эпидемияға қарсы режим мен дезинфекция ережелерін сақтау, ең алдымен, МККБИ (медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың) болдырмау және медициналық персоналдың денсаулығын сақтау екенін біліп есте сақтаған жөн. Бұл ережені барлық медицина қызметкерлері, әсіресе операция жасау, жара таңу, манипуляциялық бөлмелерінде және зертханаларда жұмыс істейтін, инфекциялануы мүмкін биологиялық материалмен (қан, плазма, зәр, ірің және т.б.) тікелей жұмыс істеуіне байланысты МККБИ-мен ауыру қаупі жоғары қызметкерлер ұстанады. Аталған үй-жайлардағы мен бөлімшелердегі жұмыс персоналдың жеке қорғаныс пен қауіпсіздік ережелерін сақтауын, пайдаланылған материалды, бір рет қолданылатын құралдар мен киім-кешекті жоймай тұрып міндетті түрде дезинфекциялаудан өткізуді, ағымдағы жалпы тазалау жұмыстарын жүйелі және мұқият жүргізуді талап етеді.