
Тыныс алу - бұл адам ағзасы мен қоршаған орта арасындағы оттегі мен көмірқышқыл газының алмасуы және адамның өмір сүруіне қажетті негізгі үрдіс болып табылады. Адам екі сау өкпемен туылады, алайда, ол өмір бойы тыныс алу мүшелеріне түрлі себептермен зиян келтірілетіні туралы біле бермейді. Қоршаған ортаның зиянды факторларының теріс әсері (химиялық, биологиялық, механикалық ластану, температураның өзгеруі, жоғары ылғалдылық) тыныс
алу жолдарының қабынуына алып келеді.

Тыныс алу жүйесі, адам ағзасының басқа жүйелері сияқты, өзіндік қорғаныс механизмдеріне ие. Бұл механизмдер тыныс алу жүйесінің бұзылуын болдырмайды. Дей тұрғанымен, мұндай қорғаныс тыныс алу органдары ауруларының алдын алудан тұратын қолдауды қажет етеді.

Тыныс алу органдарының ауруын болдырмау үшін кейбір алдын-алу шараларын сақтау қажет:
-Дұрыс тыныс алу. Дұрыс және табиғи тыныс алу - мұрын арқылы тыныс алу болып табады, мұрын қуысы арқылы ауа мұрын-жұтқыншаққа еніп, тазарып жылынады. Мұрын қуысының кірпікшелі шырышты қабаты зиянды микроорганизмдер мен шаңның тыныс алу жолдарына енуіне жол бермейді.
-Тыныс алу гимнастикасы. Тыныс алу органдары ауруларының алдын алу үшін күнделікті тыныс алу жаттығуларын жасаған жөн. Жаттығу кезінде тыныс алу бұлшықеттері, сөйлеу аппараты дамиды, қан оттегімен қанықтырылады.
-Салауатты өмір салты, белсенді қозғалыс. Дұрыс тамақтану, шынығу, темекі шегуден бас тарту, мұның бәрі ағзаның инфекцияларға төзімділігін арттыруға көмектеседі. Жүгіру, жүзу, таңертеңгі жаттығулар - ағзадағы көмірқышқыл газының деңгейін жоғарылатады. Қан құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшерін норма деңгейіне дейін арттыру арқылы көптеген ауруларды жеңуге және денені жасушалық деңгейде жасартуға болады.
-Тыныс алу органдары ауруларына қарсы тиімді құрал ВАКЦИНАЦИЯ болып табылады. Уақтылы салынған екпе тұмау, туберкулез, дифтерия, көкжөтел және т.б. ауруларды бірнеше есеге азайтады, аурудың ағымын жеңілдетеді, оның ұзақтығын қысқартады, асқынудың алдын алады.
-Вирустық аурулар эпидемиясы кезінде адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болыңыз және жеке қорғаныс құралдарын киіңіз.
-Егер Сіз зиянды заттар шығарылатын кәсіпорында болсаңыз, респираторларды қолданыңыз.
-Жеке гигиена ережелерін сақтаңыз. Көшеден келгеннен және қоғамдық орындарға барғаннан кейін қолыңызды жуып отырыңыз.

Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу әрқашан оңай екенін ұмытпаңыз!