
Тағамдық уытты инфекция (ТУИ) – бұл бактерияларды жұқтырудан емес, адам ағзасынан тыс бактериялардың тіршілік әрекеті барысында, негізінде тамақ өнімдерінде пайда болатын уытты жұқтырудан туындайтын ауру. Уыт шығару қабілеті бар бактериялардың түрі сан алуан. Уыттардың басым көпшілігі ластанған тағамдарда ұзақ уақыт сақталады, ал кейбіреулері тіпті түрлі өңдеу тәсілдеріне, оның ішінде бірнеше минут бойы қайнатуға да төзімді. Тағамдық уытты инфекциялардан туындайтын
ауруларға қысқа уақыт ішінде көп адамның шалдығуы аталған инфекцияға тән белгілердің бірі болып табылады. Әдетте ауру инфекция жұққан тағамнан тарайды.

Инкубациялық кезең отыз минуттан жиырма төрт сағатқа дейін созылады, көп жағдайда екі-төрт сағатты құрайды. Уытты инфекцияға тән белгілер:
- жүрек айну, құсу;
- сұйық нәжіс (күніне 10-15 рет ауырсынумен болуы мүмкін);
- дене температурасы 38-390 С дейін көтерілуі мүмкін;
- бас ауруы, әлсіздіктің пайда болуы;
- терінің құрғауы.

Тамақтан уланудың келесі алдын алу шаралары сізге және сіздің жақындарыңызға тағамдық уытты инфекцияны жұқтырмауға көмектеседі:
- жеке гигиена ережелерін сақтау: тамақ дайындамас бұрын және тамақ ішер алдында, дәретханаға барғаннан кейін, көшеден оралғаннан кейін қолыңызды сабынмен мұқият жуу керек;
- пайдалануға дайын және шикі өнімдер үшін бөлек кесу тақталары мен пышақтарды қолданыңыз;
- сатып алынатын өнімдердің қаптамаларында көрсетілген жарамдылық мерзімдерін, сақтау шарттарын мұқият қадағалаңыз;
- тез бұзылатын өнімдерді сақтау және дайындау шарттарын сақтау қажет. Тез бұзылатын өнімдерді ұсынылған температуралық режимді сақтай отырып, тоңазытқышта сақтаңыз. Тез бұзылатын өнімдерді (ет, балық, тауық етінен жасалған жартылай фабрикаттар және т.б.) дайындау кезінде жеткілікті термиялық өңдеуден өткізіңіз;
- көкөністерді, жемістер мен жидектерді мұқият жуып, қайнаған сумен шайыңыз;
- ыстық елдерге саяхаттау кезінде тек бөтелкедегі суды ішіңіз, жабық ыдыстағы мұзсыз сусындарға тапсырыс беріңіз;

Астан улану көп жағдайда ыстық мезгілде орын алатыны туралы естеріңізде сақтаңыз және жоғарыда аталған шаралардың сақталуын қадағалаңыз.