СҚО қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

СҚО қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай
📌2023 жылдың басынан бастап СҚО-да қызылшаның расталған 316 жағдайы тіркелді (2023 жылы 241 жғ., 2024- 75 жғ.).
📌Аумақтық тіркелуі бойынша (270 жғ.) ауырғандар Петропавл қаласында тіркеледі, (12 жғ.) Есіл ауданында, (7 жағдайдан) Мағжан Жұмабаев және Кызылжар аудандарында,(6 жғ.) Мамлют ауданында, (5 жғ.) Аққайың ауданында, (4 жғ.) Айыртау ауданында, (2 жғ.) Ғабит Мүсірепов және Жамбыл аудандарында, жекеленген жағдай Тайынша ауданында тіркелді.
📌Жас құрылымы бойынша жағдайлардың ең көп саны 15 жас және ол жастан асқандар арасында (184 жғ.)тіркелді.
📌14 жасқа дейінгі балалар арасында (132 жғ.) тіркелді.
📌Облыста қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау барысында 17 336 адам егілді.
🔴Қызылша - ауа тамшылары арқылы берілетін қауіпті инфекциялық ауру.
💉Қызылшаның алдын алудың сенімді және тиімді әдісі - вакцинация.
📌Профилактикалық егуден бас тарту арқылы сіз балаларыңыздың денсаулығына қауіп төндіресіз!
📌Есіңізде болсын, пневмония, энцефалит сияқты асқынуларға вакцина алмаған әрбір бала шалдығуы мүмкін.
💉Сондықтан да балаңыздың денсаулығын сақтау үшін қызылшаға қарсы екпе алуға шақырамыз!
💉Вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханаларда жүргізіледі. Вакциналар туралы қосымша ақпаратты EGU.kz сайтынан немесе 7701 жедел желісі бойынша алуға болады.