Моншалар мен сауналарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Моншалар мен сауналарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
📌Бүгінгі таңда суға шомылып, денені жууға арналған қоғамдық моншалар, сауналар бар.
📌Мұндай жерлерге барған кезде санитариялық жағдайға назар аудару керек. Не себепті? Шын мәнінде, монша – бұл ылғалдылығы жоғары орын, онда үй-жайларды күтіп ұстау талаптары бұзылған кезде, желдету жүйесінің тиімді жұмысы болмаған кезде, жоғары ылғалдылық жағдайында әртүрлі микроорганизмдер таралуы мүмкін, мұның бәрі моншаға келушілердің денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.
📌Моншаны, саунаны дұрыс пайдалану үшін, ең алдымен бассейнге, шабыну бөлмесіне кірер алдында душта жуыну және резеңке аяқ киімнің болуы сияқты сақтық шараларын сақтау қажет.
📌Душтың ылғалды жағдайлары, шабыну бөлмесіндегі жоғары температура мен ылғалдылық саңырауқұлақ ауруларының дамуына ықпал етуі мүмкін. Моншада жалаң аяқ жүрсеңіз, саңырауқұлақ аурулары тез таралады, сондықтан резеңке тәпішке (сланцы) қолдану ұсынылады.
📌Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес моншалар мен сауналар үшін ауаны рециркуляцияламай, ағындық желдеткішпен біріктірілген ауаны жылумен жабдықтау құрылғысына рұқсат етіледі, ағынды-сорғылы желдету жүйесі қарастырылған. Ауа температурасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында шабынатын үй-жайларда термометр орнатылады.
📌Моншалар мен сауналарда жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалған жиһаз орналастырылады. Шешінетін және душ қабылдайтын бөлмелерде резеңке төсеніштер пайдаланылады. Ағаш баспалдақтар қолданылмайды. Жуу үшін жоғары температураға төзімді және жууға және өңдеуге оңай ыдыстар қолданылады, сонымен қатар жеке қолдануға арналған таза және құрғақ жабдықтар (төсек жайма, сүлгілер) қолданылады. Таза киім пайдаланылғаннан бөлек сақталады. Моншалар мен сауналардың үй-жайлары таза ұсталу керек.
📌Лас судың бітеліп қалуын және жиналуын болдырмау үшін субұрғыш траптарына мезгіл-мезгіл тазалау жүргізілуі тиіс.
📌Жуынатын залдардада едендерді тазалау және жуу күнделікті және қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады. Әр келушіден кейін резеңке аяқ киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялық құралдармен өңделеді. Резеңке бұйымдарды өңдеу үшін таңбаланған ыдыстар бөлінеді. Дезинфекциядан кейін аяқ киім жуылады және кептіріледі. Жуынатын ыдыстарды өңдеу үшін дезинфекциялық ерітінділері бар ыдыстар, тазалау құралдары, щеткалар, шүберектер қолданылады. Жуынатын ыдыстар дезинфекциялық ерітіндіге толық батыру арқылы дезинфекцияланады және сумен жуылады. Күн сайын жабылғаннан кейін үй-жайларды, құралдар мен жабдықтарды жинау, жуу және дезинфекциялау жүргізіледі.
📌Шабынатын бөлмелерін қоспағанда, моншалар мен сауналардың үй-жайлары қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз етілу қажет. Моншалар мен сауналардың жуынатын және душ қабылдайтын бөлмелерінде кір жууға және кептіруге, моншаларды пайдалануға қатысы жоқ киімдер мен заттарды сақтауға тыйым салынады.
📌Жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында үй-жайлардағы ақаулар (сынған қаптау плиткалары, линолеум, жабындар мен жабдықтардың тұтастығының бұзылуы) уақтылы қалпына келтірілуі керек.
📌Бұл ережелер моншаға бару кезінде біздің денсаулығымызға зиян тигізбеуі үшін орындалуы керек.
📌Моншаға баруды ұнататын, әсіресе жеке моншасы бар адамдарға барлық бөлмелерді үнемі тазалап, жуып, дезинфекциялап, сондай-ақ мезгіл-мезгіл бітеліп қалуы мүмкін кәріз ағындарын тазарту, моншаны желдетіп отыру қажет екенін еске саламыз.
📌Моншалар мен сауналарға барған кезде жеке гигиена ережелері сақталуы керек!