📌Косметикалық және косметологиялық қызметтер дегеніміз не? Дұрыс жүргізілмеген косметикалық немесе косметологиялық қызметтердің салдары

📌Косметикалық және косметологиялық қызметтер дегеніміз не? Дұрыс жүргізілмеген косметикалық немесе косметологиялық қызметтердің салдары
🔹Косметикалық қызмет - бұл сәндік косметика құралдарын қолдана отырып, физикалық және химиялық әсер ету арқылы бет пен дене терісіне күтім жасау қызметі. Косметикалық қызметтер тұрмыстық санатқа жатады, олардың нәтижесі сыртқы келбеттің таза эстетикалық жақсаруы болып табылады.
🔹Косметологиялық қызмет - бұл адам ағзасының жабын тіндерінің (тері және оның қосымшалары, тері астындағы май және беткі бұлшықеттер) құрылымдық тұтастығы мен функционалдық белсенділігін сақтауға немесе қалпына келтіруге бағытталған емдеу-диагностикалық және оңалту шараларының кешені.
🔹Сұлулық индустриясында халыққа көрсетілетін көптеген қызметтердің ішінде косметикалық және косметологиялық қызметтер ерекше көзге түседі.
🔹Косметикалық қызметтерге мыналар жатады: макияж; қастар мен кірпіктерді бояу, қастардың пішінін түзету, кірпіктерді ұзарту, кірпіктерді бұйралау; косметикалық маскалар; эстетикалық массаж (СПА массажы).
🔹Косметологиялық (медициналық) қызметтерге мыналар жатады: депиляция; бетті косметологиялық тазарту; медициналық массаж, крио массаж (дене тініне суық әсер ету); пирсинг, тұрақты татуировка.
🔹Косметологиялық қызметтерді дәрігер-косметолог және орта медициналық персонал дәрігер-косметологтың тағайындауы бойынша көрсете алады, сондықтан орындаушыдан қолда бар білімі мен практикалық тәжірибесі, медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия туралы сұрау артық болмайды.
🔹Сонымен, косметологиялық қызметтерді көрсету үшін лицензия қажет, медицина қызметкері (осы қызметтерді көрсететін маманда міндетті түрде Медицина қызметкерінің дипломы болуы керек) медицинаның осы саласында сертификат пен оқуын растайтын құжат болуы керек. Барлық құжаттар қызмет көрсету кезінде жарамды болуы керек.
🔹Теріс салдардың негізгі себебі зарарсыздандырылмаған жабдық болуы мүмкін, оның көмегімен жараның бетіне жұқтырып, герпес, В және С гепатиттері, АИТВ сияқты ауыр жұқпалы ауруларды тудыруы мүмкін.
🔹Өмір мен денсаулыққа қауіп төндірудің алдын алу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарын сақтау туралы ұмытпаған жөн.
🔹Егер тұтынушыға сапасыз қызмет көрсетілсе, онда ол көрсетілген қызметтердің кемшіліктерін өтеусіз жоюды, бағаны төмендетуді немесе қызметтердің кемшіліктерін жою бойынша жұмсалған шығыстарды өтеуді талап етуге құқылы. Егер елеулі кемшіліктер анықталса немесе анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаса, онда тұтынушы шартты орындаудан бас тартуға және залалдарды толық өтеуді талап етуге құқылы (Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 04.05 № 274-IV Заңының 16, 42-2-баптары)
🔹Есіңізде болсын! Косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін ұйымдар медициналық қызметтер көрсету қағидаларының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтерге лицензияның болуы жөніндегі талаптарды қатаң сақтауға тиіс.
📌Сақтық шаралары Сіздің денсаулығыңыз бен сұлулығыңызды сақтайды!