
Әлемде мыңдаған улы өсімдіктер бар, олардың кейбіреулерін тағамға қолдану өте қауіпті, өлімге әкелуі мүмкін.

Улы өсімдіктермен улану - бұл бірқатар сипаттамаларға ие тағамдық интоксикацияның кең таралған түрі. Олар негізінен жылы мезгілде — көктемде, жазда немесе күзде бейтаныс өсімдіктерден немесе белгісіз саңырауқұлақтардан дәмдеуіштерді тағамға қолданатын туристер арасында, сондай-ақ жазда пионер лагерлері мен саяжайларға
баратын балалар ұжымдарында пайда болады. Бұл, қала сыртына пикниктерге шығатын балалар мен ересектерді, сондай-ақ үй маңындағы аумақтарда ата-анасының қарауынсыз жүрген балаларды да айналып өтпейді.

Әсіресе кішкентай балаларды (5 жасқа дейін) көптеген жеуге болмайтын жидектер мен өсімдіктердің әдемі түрлері оларды қызықтырады, олар дәмін татуға тырысады. Балаларға саңырауқұлақтарды мүлдем қолданбаған дұрыс. Осы жағдайларда дамитын жедел улану көбінесе жаппай сипатқа ие және эпидемия сияқты ондаған адамның өмірін қиюы мүмкін.

Улы өсімдіктермен улану көп жағдайларда жасына байланысты жеуге жарамды және жеуге жарамсыз өсімдіктерді ажырата алмайтын балалар арасында кездеседі. Улы өсімдіктермен улану ересектер арасында да кездеседі, көбінесе олардың кейбір түрлері улы емес, бір өсімдіктің кейбір бөліктері жеуге жарамды, басқа бөліктері улануды тудыруы мүмкін, сонымен қатар басқа себептерге байланысты.

Сыртқы белгілері бойынша қауіпсіз өсімдікті улы өсімдіктен ажырату көп жағдайда мүмкін емес. Көбінесе улы қасиеттері бар өсімдіктер мүлдем зиянсыз және тіпті тартымды көрінеді, олардың гүлдері хош иісті және әдемі көрінеді, жидектер тәбетті ашатын болып көрінеді.

Ең көп таралған және танымал улы өсімдіктер - қара меңдуана, сасық меңдуана, шұбар убалдырған,бөрі жөке, дала көкнәрі, жабайы жүзім. Бұл өсімдіктерде табиғи улы заттар – алкалоидтар мен гликозидтер бар.

Уланудың клиникалық көріністері әртүрлі, өсімдік түріне байланысты. Әдетте, тағамды тұтынудан бастап улану белгілері пайда болғанша 30 минуттан 1 сағатқа дейін уақыт өтеді.

Симптомдардың ауырлығы адамның жеген мөлшеріне, денсаулық жағдайына және тағамға өсімдік қосып жеген тұлғаның жасына байланысты.

Улы өсімдіктермен улану кезінде жиі кездесетін жалпы белгілер: бас ауруы, әлсіздік, ұйқышылдық, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, диарея ұстамалары, көру қабілетінің төмендеуі, есту қабілетінің бұзылуы, галлюцинация, ауыздың құрғауы.

Алдын алу шаралары:
- бейтаныс өсімдіктерді тағамға қосып жеуге тыйым салу;
- балалар объектілерінің аумақтарын тұрақты тексеру, улы өсімдіктерді жою;
- бейтаныс өсімдіктерді, олардың бөліктерін жеуге жол бермейтін балалармен түсіндірме әңгімелер жүргізу;
- ата-аналардың рұқсатынсыз өсімдіктер мен олардың жемістерін жеуге тыйым салу.
- өндірістегі азық-түлік өнімдеріндегі арамшөптердің құрамын нормалау.