«Темір тапшылығы анемиясының алдын алу. Фортификациялау»

«Темір тапшылығы анемиясының алдын алу. Фортификациялау»
🔸Темір тапшылығы анемиясы (ТТА) – анемияның ең көп таралған түрі. Біздің ағзамыздың тіршілік әрекетіне және толық денсаулығымызға қажетті микроэлементтердің ішінде темір ең маңыздыларының бірі болып табылады. Темірдің ағзадағы басты рөлі - барлық жасушалар мен мүшелерге оттегін жеткізу. Денедегі темір тапшылығы немесе темір тапшылығы анемиясы – бұл ағзадағы темір деңгейінің төмендеуімен сипатталатын, қандағы эритроциттер мен гемоглобин концентрациясының төмендеуіне әкелетін патологиялық жағдай.
🔸Адам көбінесе өзінде анемия дамығанын байқамайды. Темір тапшылығы анемиясының белгілері әдетте гемоглобин концентрациясы айтарлықтай төмендеген кезде пайда болады. Анемияның белгілері: шаршаудың жоғарылауы, бас айналу, шаштың түсуі, терінің бозаруы және тырнақтың сынғыштығы, кейде тіл ұшының шаншу және ашыту сезімі.
🔸Темір тапшылығы анемиясының алдын–алу темір тапшылығының дамуының негізгі проблемасын - темірдің ағзаға жеткіліксіз деңгейде жеткізілуін шешуден тұрады. Ең қарапайым, арзан және қол жетімді әдіс – ұнды фортификациялау. Бүгінгі таңда азық-түліктің көп бөлігі технологиялық өңдеу нәтижесінде пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Оларды қалпына келтірудің ең жақсы тәсілі - байыту. Атап айтқанда, ұн - дәрумендер мен микроэлементтермен нығайтылғаннан кейін адам ағзасына шынымен пайдалы болады. Фортификация - ұнтақтау кезінде ұнға аз мөлшерде дәрумендер мен минералдарды (премикс деп аталатын витамин-минералды кешен) енгізу процесі, бұл өнімнің сапасы мен тағамдық құндылығын арттырады. Фортификация ұнның органолептикалық және басқа қасиеттеріне мүлдем әсер етпейді және жанама әсерлер тудырмайды. Байытуға тек жоғары және бірінші сортты ұн жатады, оны дайындау кезінде астық құрамында микроэлементтердің (витаминдердің) ең көп мөлшері бар қабықтан тазартылады. Байытылған ұнның сақтау мерзімі - алты ай. Қазақстан Республикасының аумағында өткізу үшін өндірілетін жоғары және бірінші сортты бидай наубайханасы ұны құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен, амин қышқылдарымен, май қышқылдарымен және басқа заттармен міндетті түрде байытылуға (фортификациялауға) жатады. Бұл біздің еліміздің заңнамасында – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде де көзделген. Зерттеулер көрсеткендей, фортификацияланған ұнды тұтыну анемияның таралуын 30% төмендетеді.
🔸Өзіңізде және жақындарыңызда темір тапшылығы анемиясының алдын алу үшін темір мен фолий қышқылымен байытылған ұн мен нанға артықшылық беріңіз. Сау болыңыз!