🗓7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні.

🗓7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні.
⚕️«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде». Себебі, «бірінші байлық – денсаулық». Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы.
🔎Бұл атаулы күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күнінде аталып өтіледі.
🔎1948 жылы құрылғаннан бері әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болып отыр.
🔎Денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бастап дәстүрге айналды.
🔎Бұл күн адамдардың өз өмірлерінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, бүкіл әлемде адамдар денсаулығын жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдаулары үшін өткізіледі.