Жазғы каникул – баланы сауықтыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажет болатын ең қолайлы уақыт. Сондықтан, жазда балалар таза ауада мүмкіндігінше ұзағырақ болғаны дұрыс. Серуен, ойын, дене шынықтыру жаттығулары – оқу жылынан кейінгі ең жақсы демалыс (мектепке барғаннан кейін оның қозғалыс белсенділігі 50%-ға төмендейді).
Күн тәртібіндегі өзгерістер, яғни баланың ояну және ұйықтау уақыттары оқу жылы мерзіміндей немесе осы мерзімнен сәл – пәл ақылға сыйымды ауытқушылық көлемінде болуы керек.
Тамақ рационында көкөністер мен жемістер, сүт және ет тағамдары жеткілікті мөлшерде болуы тиіс. Жаз – дәрумендердің жетіспеушілігін толықтандыратын ең қолайлы мерзім. Ең болмаса 1 айға балаңызды жазғы сауықтыру орындарында орналастыруға болады. Созылмалы аурулары бар балаларды шипажай жағдайында сауықтырған тиімді.
Біздің ұсыныстар
Жазғы демалысты балалармен бірге жоспарлаңыз. Серуен, ойын, шынықтыру мен спорт жаттығулары таза ауада болуы керектігін есте ұстаңыз! Баланы компьютерге мүлдем отырғызбаңыз, тіпті болмағанда компьютермен ойнауды берілген кеңестердегі гигиеналық норматив көлеміне дейін қысқартыңыз (5 жасқа дейінгі балалар 7 минуттан, 6 жастағы балалар 10 минуттан, бастауыш сыныптың оқушылары 20 минуттан артық компьютерде отырмауы керек).
Баланың денсаулығын нығайтуға қолжетімді және тиімді шынықтыру құралдары – күн, ауа және суды молынан қолданыңыз. Күн – ол жылылық, жақсы көңіл – күй, денсаулық. Алайда, күн сәулесін мөлшерден артық алудың теріс жағы да бар: күн өткеннен бас айналу, тынымсызданып күйгелектену, ұнжырлық, күйік, тыныс алу және жүрек – қан тамырлар жүйесінің бұзылуы. Балаларға ашық күн астында арнайы күнге күюге болмайды. Мүмкіндігінше көлік жолы мен өндіріс өнеркәсіптерінен қашық жасыл – желек арасы, көлеңкелі қалқаның асты - қауіпсіз және жайлы болады. Балалардың көбі арасында суға шомылып, су жағасында құмда ойнағанды ұнатады. Бұл шынықтырудың өте үздік шарасы.
Сіз саяжайда немесе ауылда дем алсаңыз, балаңызды таңғы шыққа жалаңаяқ жүгіртіңіз. Шықтың әсерінен табанның тамырларымен бірге кеңсірік маңы тамырлары бір тарылып, күрт бір кеңейеді. Осының нәтижесінде кеңсірік маңының қан айналуы күшейіп, ауру қоздырғыш вирустар мен бактерияларға берік тосқауыл құрайды. Бұдан басқа шықта жалаңаяқ жүру майтабанның алдын алу болып есептеледі.
Егер балаңызды топпен жазғы сауықтыру орындарына немесе экскурсияға жібергіңіз келсе жадыңызға сақтаңыз!
Сапарды ұйымдастырушылар ұйымдастырылған балалар ұжымының өлшеп-оралған ауыз сумен және жол жиынтығымен (құрғақ тағам) қамтамасыз етілу мәселесін көздейді.
Сапар ұзақтығы бір тәуліктен асқан кезде ұйымдастырылған балалар ұжымы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін пайдалануға қатаң түрде тыйым салынады.
Ұйымдастырылған балалар ұжымын медицина қызметкері бірге алып жүреді. Медицина персоналы медициналық дәрі-дәрмек қобдишасымен қамтамасыз етіледі.
Ұйымдастырылған балалар ұжымдарының жол жиынтығына (құрғақ тағам) кіретін, ұйымдастырылған балалар ұжымын ыстық тамақтандыру үшін вагон-мейрамханалардағы тағамдар мен бұйымдар ассортиментін балалардың сапарын ұйымдастырушылар құралу пункттеріндегі Көліктің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен және оның аумақтық бөлімшелерімен келіседі.
Сөз соңында ата – аналарға айтарымыз. Қарапайым гигиеналық ережені сақтаңыздар! Сонда ғана демалыс балаңыздың денсаулығын нығайтады және түзетеді!