Жемістер, көкөністер, жаңғақтар, жидектер құнарлы рационға жатады. Бірақ, заттардың құрамында шектен шығу болмай, олар ағзаға зиян келтірмейтіндей қауіпсіз болуы керек. Мұндай заттарға нитраттарды жатқызуға болады – ол азоттық қышқылдардың тұзы және көкөністер мен жемістердің жасушалы шырынын құрайтын ажырамас бөлігі. Мәселе мынада, азот өсімдіктің жай ғана өсуі үшін қажет және сол үшін нитраттардың рұқсат етілген мөлшерінің саны бойынша сұрақтар туындайды.
Біздің денсаулығымыз үшін нираттар несімен зиянды? Егер біз нитраттардың тым арттық мөлшеріне тап болсақ, онда біз өзіміздің денсаулығымызға айтарлықтай зиян келтіруіміз мүмкін.
Нитраттардың көп бөлігі қайда кездеседі?
- Нитраттардың көп бөлігі көкөністердің жасыл жапырақтарында кездеседі. Әсіресе, осы ақбас қырыққабата ерекшеленеді. Оның толық талшықтарында және қырыққабат өзегінің өзінде нитраттардың көп бөлігі кездеседі.
- Сәбіздерде нитраттардың көп бөлігі сабағында және түбінде кездеседі.
- Нитраттардың көп бөлігі қияр, асқабақ, қауын және қарбыздың қабықтарында және сабының қасында кездеседі.
Көкөністер мен жемістерді қалай таңдау керек?
- Көкөністер мен жемістерді тексерілген дүкендерден сатып алыңыздар. Өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұрау қажет.
- Әрқашан көкөністердің орта мөлшерін таңдаңыз. Ірі және ең ұсақ тамыр жемістердің құрамында нитраттар едәуір көп. Сондай-ақ, бейпропорционал көлемді көкөністерден де сақ болған дұрыс.
- Көкөністер мен жемістердің сапасына назар аударыңыз.
- Ерте өсіп шыққан жылы жай көкөністерін алмаңыз. Оларда өте көп мөлшерде нитраттар кездеседі.
Нитраттарды қалай зиянсыздандыру және шығару керек?
- Тамыры ұзын жемістердің ең жоғарғы бөлігін және құйрығын кесіп тастау. Бұлар сәбіздерге, қызылшаға, шалқанға және басқа да тамыры ұзын жемістерге қатысты.
- Қырыққабаттың жоғарғы барлық жапырақтарын алып тастау, өзегін және ірі талшықтарын кесіп алу. Сондай-ақ, жапырақтарды бір немесе екі сағатқа сулау, содан кейін суды төгу және қайтадан таза суға сулауға кеңес береміз.
- Қияр, самсар, кәді, алмалардың терісін және жеміссабақтарына жақын орналасқан бөліктерін кесіп тастау.
- Қарбыз және қауынды қабыршағына дейін жемеу.
- Барлық көкөністерді 2-3 сағатқа суық суға сулау. Бұл аскөк, ақжелек, балдыркөк, күнзе және басқа көкөністерге қатысты.
- Көкөністерді дайындағанда, оларды тұздау керек. Тұздалған көкөністерде барлық нитраттар тұздыққа өтеді.
Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен өнімнің қауіпсіздігін мониторингтеу шеңберінде және 2022 жылдың өткен кезеңінде Петропавл қаласы мен облыс аудандарының сауда нүктелерінде Ерекше тәртіп бойынша объектілерге тексеру жүргізу барысында көкөністер мен жемістердің 66 сынамасы алынды және зерттелді. Өсімдік шаруашылығы өнімі нитратты азоттан асып кеткені анықталған жоқ.
Өзіңіздің денсаулығыңызға сақ болыңыз.