
2026 жылғы 21 қыркүйекте СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде «2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымда Солтүстік Қазақстан облысында тұмау және басқа да ЖРВИ-дің алдын алу шаралары туралы» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара бейнеконференция форматында Департамент басшысының орынбасары
А.С. Күшбасовтың төрағалығымен өткізілді.

Семинарға облыстың аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, қалалық емханалар мен аудандық ауруханалар директорларының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарлары, инфекционист дәрігерлер және госпитальдық эпидемиологтар қатысты.

Семинар барысында тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу және емдеу, эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру, сондай-ақ тұмау, ЖРВИ және коронавирус инфекциясының зертханалық диагностикасы бойынша өзекті мәселелер қаралды.

Ауруларды уақтылы анықтау, эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау, зертханалық зерттеу үшін биологиялық материалды дұрыс алу және тасымалдау, сондай-ақ медициналық ұйымдардың алдағы эпидемиялық маусымға дайындығы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинарды өткізу облыстың медициналық ұйымдарының 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындығын арттыруға және тұмау мен басқа да ЖРВИ-дің алдын алу шараларын жетілдіруге бағытталды.