
Құтырма — жүйке жүйесін зақымдайтын және уақтылы медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда өлімге әкелетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Инфекцияның негізгі көзі — сілекейі арқылы вирус бөлетін ауру жабайы және үй жануарлары. Жұқтыру тістеу, тырнау немесе зақымданған теріге сілекей түсуі арқылы болады. Инкубациялық кезең 10 күннен бір жылға дейін созылуы мүмкін және зақымдану орнына байланысты: тістелген жер басқа неғұрлым жақын болса, аурудың тез дамуы қаупі соғұрлым жоғары. Әсіресе бет, бас, қол мен аяққа түскен жарақаттар өте қауіпті.