Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

 СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаевтың төрағалығымен семинар өтті.

Семинарға департаменттің және оның аумақтық басқармаларының мамандары қатысты.

Іс-шара барысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі талаптарының, мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру саласындағы заңнама талаптарының сақталуы мәселесі қарастырылды.

Сондай-ақ, департамент басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын және Әдеп кодексін сақтау туралы. Мемлекеттік қызметшілердің амандасу әдебі мен өзара қарым-қатынаста іскерлік форматты сақтау» тақырыбын қозғады.

Бұнымен қоса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғаудың себептері мен негіздері, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өтініштердің түрлерін саралау, оларды қарау мерзімдері және тыңдау рәсімі бойынша әдістемелік ұсынымдар қарастырылды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап алды.