Департаментте "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасы қарастырылды

Департаментте "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасы қарастырылды

         

         2026 жылғы 30 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, жобаны іске асыру шеңберінде мектептердің қызметін талдау» тақырыбында  аумақтық басқармалармен, аудандардағы жоба үйлестірушілерімен бейнеконференция режимінде семинар ұйымдастырылып өткізілді.

         Семинар барысында «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасының өңірде жүзеге асырылуы, жобаның басым бақыттары, салауатты өмір салты мен дене белсенділігі бағыты бойынша атқарылған жұмыстар, балалардың денсаулық жағдайларына байланыста топтарға бөлінуі, алдағы жылға қойылатын басым бағыттар туралы сөз қозғалды.

          Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты, сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, облысымыздың бірқатар мектептеріне жобаға қатысты ұсыныстар ұсынылды.