СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде салтанатты іс-шара өтті

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде салтанатты іс-шара өтті
📌 СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында Департаменттің және Мағжан Жұмабаев ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдап, өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен атқаруға дайын екендіктерін растады.
✨ Мамандарды құттықтаған Департамент басшысы Әсет Жұматаев:
«Мемлекеттік қызметшінің анты – жоғары жауапкершіліктің, қызметтік борышқа адалдықтың және өз ісіне деген беріктіктің белгісі. Алдағы уақытта сіздерді жаңа кәсіби жетістіктер мен халық игілігі жолындағы жемісті еңбек күтіп тұрғанына сенімдімін», – деп атап өтті.
🏅 Салтанатты іс-шара аясында СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Сайлаубайұлы «QazMed» салалық кәсіподағының «Белсенді қоғамдық қызметі үшін» медалімен марапатталды.