Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
📌 2026 жылғы 30 маусымда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаевтың төрағалығымен Департамент пен аумақтық басқармалардың мамандарына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары мәселелері бойынша семинар өтті.
⚡️ Баяндамамен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Қ. Баймұқанов сөз сөйледі. Ол 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін түсіндіріп, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарына тоқталды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
⚡️ Семинар барысында мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың өзекті мәселелері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары қарастырылып, адалдық мәдениетін қалыптастыруға, қызметтік міндеттерді адал орындау қағидаттарын нығайтуға және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына бағытталған тәжірибелік кейстер талқыланды.
🤝 Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап алды.