
Кәсіби мерекеге орай, департамент басшысы Әсет Тұрғымбекұлы Жұматаев ұжымды құттықтау сөз сөйлеп, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мемлекеттік қызмет жүйесіндегі маңызды рөлін атап өтті, қызметкерлерге кәсіби табыс, амандық және жаңа жетістіктер тіледі. Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген мамандарға марапаттар табыс етті.
Мереке құрметіне орай, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен Солтүстік Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы Валерий Андреевич Дзубан марапатталды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хатымен Солтүстік Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әкімшілік қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Сагандык Талгатович Нугуманов марапатталды.