
17 маусым күні СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде департамент басшысының орынбасары Т.Л. Горлованың төрағалығымен 2026 жылдың 5 айындағы бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері және биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) мен тағам өнімдерінің жарнамасын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Іс-шараға аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Семинар барысында 2026 жылдың 5 айындағы бақылау мақсатында сатып алу қорытындылары, оны жүргізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер, сондай-ақ ББҚ мен тағам өнімдерінің жарнамасына қойылатын талаптарды сақтау мәселелері қаралды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пікір алмасты және осы бағыттағы өзара іс-қимылды жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.