Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
📌 СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жаңа тәсілдерін енгізу мәселелері бойынша семинар өтті.
⚡️ Іс-шара 2026 жылғы 10 маусымда Әдеп жөніндегі уәкіл — Департамент басшысының орынбасары С.М. Барменбаевтың төрағалығымен және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандарының қатысуымен өтті.
✨ Семинар барысында бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізудің жалпы тәртібінің өзекті мәселелері, білім беру саласындағы ерекше бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау, тергеп-тексеру жүргізу тәртібі, сондай-ақ бақылау үшін сатып алуды жүргізу тетіктері мен оның нәтижелері бойынша қабылданатын шаралар қарастырылды.
📖 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 803-бабы талаптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды рәсімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🤝 Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.