Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
📌 СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Департамент басшысының орынбасары А.С. Күшбасовтың төрағалығымен аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне эпидемиологиялық қадағалау бойынша облыстық семинар өтті.
⚡️ Семинар жұмысына аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, сондай-ақ өңірдің медицина қызметкерлері қатысты.
✨ Семинар барысында әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы және Солтүстік Қазақстан облысындағы аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық ахуалдың өзекті мәселелері қаралды. Қатысушыларға бруцеллез, туляремия және сібір жарасы ошақтарындағы эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру, аталған аурулардың клиникалық көрінісі, диагностикасы мен емдеу ерекшеліктері, сондай-ақ зертханалық диагностика мәселелері бойынша баяндамалар ұсынылды.
⚡️ Биологиялық материалды іріктеу және тасымалдау қағидаларына, сондай-ақ ілеспе құжаттарды ресімдеу тәртібіне ерекше назар аударылды.
🤝 Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, эпидемиологиялық қадағалауды жетілдірудің алдағы бағыттары талқыланды.