
Бурабай кентінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтау саласындағы тиімді коммуникациялар» атты семинар-тренинг өтті. Іс-шара өңірлік баспасөз қызметтері қызметкерлерінің және денсаулық сақтау органдарындағы ақпараттық жұмысқа жауапты мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруға бағытталды.

Тренингтің негізгі мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау бойынша практикалық дағдыларды дамыту, сондай-ақ дағдарыстық коммуникациялар құралдарын жетілдіру.

Екі күндік бағдарлама аясында қатысушылар коммуникациялық стратегияны қалыптастырудың заманауи тәсілдерін, дағдарыстық жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін, ақпараттық күн тәртібін қалыптастыру және қоғамдық пікірді басқару әдістерін меңгерді. Сондай-ақ нақты жағдайларды (кейстерді) практикалық тұрғыда талдауға, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеуге, түсініктемелер мен баспасөз хабарламаларын дайындауға, журналистермен тиімді қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударылды.

Спикерлер мен сарапшылар ретінде медиакоммуникациялар, PR және дағдарысқа қарсы басқару салаларының мамандары сөз сөйледі.
Семинарды өткізу ақпараттық жұмыстың сапасын арттыруға, мамандардың кәсіби дағдыларын нығайтуға және бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылықпен тиімді өзара іс-қимыл тетіктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.