Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жарақаттанудың, жазатайым оқиғалардың және зиянды әдеттердің алдын алу

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жарақаттанудың, жазатайым оқиғалардың және зиянды әдеттердің алдын алу

Балалардың және жасөспірімдер арасындағы жарақаттану медициналық-әлеуметтік проблемалардың бірі болып қалады, себебі бұл көбінісіне денсаулық жағдайына, өмір сапасына әсер ететін ауыр зардаптарға әкеледі, ал кейбір жағдайларда  мүгедектік пен өлімге әкеледі.

Балалардың жарақаттануының ең көп таралған себептерінің бірі тұрмыстық жарақаттар, құлаулар, суға батуы, жол-көлік оқиғалары, күйіктер, уланулар және электр тогының соғуы болып табылады. Жазатайым оқиғалардың көп бөлігі ересектердің жеткіліксіз бақылауы және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болады.

Ең қауіпті жағдайлардың бірі – балалардың терезеден құлауы. Жыл сайын мұндай жағдайлар балалардың ауыр жарақаттануына және қаза болуына әкеледі.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін:

  • кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау;
  • жиһазды терезелерге жақын қоймау;
  • терезелерді ашуды шектеуге арналған арнайы құлыптағыштарды пайдалану; · масаға қарсы торлар балаларды құлаудан қорғамайтынын есте ұстау;
  • балалармен қауіпсіздік ережелері туралы үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Балалардың белсенді ойындар ойнағанда, спортпен айналысқанда және серуендегенде жарақаттанудың ең көп кездесетін себептерінің бірі  құлаулар болып табылады.    

Жарақаттану тәуекелін азайту үшін:

  • балалардың қауіпті жерлерде ойнауына жол бермеу;
  • велосипед, роликтер мен самокаттарды тепкен кезде қорғау құралдарын (шлемдер, шынтақ және тізелік қорғағыштар) пайдалану;
  • үйде және ойын алаңдарында қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.

Ерекше назар күйіктің алдын алуға бөлу:

  • балалардың қолы жетпейтін жерде сіріңке, оттық және жанғыш заттарды сақтау;
  • ыстық тамақты, шәйнектерді, үтіктерді және электр құралдарын қараусыз қалдырмау;
  • балалардың ашық отқа және жылыту құралдарына қол жеткізуін шектеу қажет.

Жазғы маусымда балалардың өліміне себеп болатын негізгі факторлардың бірі суға бату болып табылады.

Негізгі профилактикалық шаралар:  

  • балаларды су айдындардың жанында қараусыз қалдырмау;
  • балаларды суда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына үйрету;
  • суда жүзу кезінде және қайықпен жүргенде құтқару жилеттерін пайдалану;
  • тек рұқсат етілген және жабдықталған жерлерде ғана жүзу;
  • балалардың ересектердің қадағалаусыз суға жақындауына жол бермеу.

Ересектердің тіпті қысқа мерзімді бақылаудың жоқтығы салдарынан трагедиялық оқиғаларға әкелуі мүмкін. Тұрмыстық химиялық заттар, дәрі-дәрмектер, қышқылдар және басқа да қауіпті заттар балалардың қолы жетпейтін, жабық жерде:

  • дәрі-дәрмектерді және химиялық заттарды тағамдық өнімдерден бөлек сақтау;
  • қауіпті сұйықтықтарды сусын бөтелкелеріне құймау;
  • электр розеткаларын арнайы тығындармен жабу;
  • балалардың бұзылған электр құралдарымен және сымдармен қатынасуына жол бермеу қажет.

Профилактиканың маңызды бағыты – балалардың жолдарда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Ата-аналарға:

  • балаларын ерте жастан жол қозғалысы ережелерімен таныстыру;
  • жолды тек белгіленген жерлерде ғана кесіп өту;
  • автокөлікте балаларға арналған ұстағыштарды және қауіпсіздік белдіктерін пайдалану;
  • өз үлгісімен жол қозғалысы ережелерін сақтауды көрсету керек.

Жасөспірімдер арасында темекіні, алкогольдік өнімдерді, электрондық темекілерді, вейптерді және психоактивтік заттарды қолданудың таралуы алаңдаушылық тудырады. Бұл заттарды қолдану денсаулыққа кері әсер етеді:

  • жүрек-қан тамырлар және тыныс алу жүйесінің жұмысын бұзады;
  • тәуелділіктің қалыптасуына әкеледі;
  • психоэмоционалдық жағдайды нашарлатады;
  • жасөспірімдердің оқу үлгерімін және әлеуметтік бейімделуін төмендетеді.

Алдын алу үшін:

  • балалар, жасөспірімдер және ата-аналар арасында үнемі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • жастардың денсаулыққа пайдалы өмір салтына деген құштарлығын қалыптастыру;
  • спорттық және ойын-сауық шараларын дамыту;
  • тәуекел тобын уақтылы анықтау;
  • кәмелетке толмағандарға темекі және алкогольдік өнімдерді сатуды бақылауды күшейту қажет.

Жарақаттанудың, суға батудың, балалардың терезеден құлауының алдын алу, сондай-ақ темекіні, алкогольді және психоактивтік заттарды тұтынудың алдын алу қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды міндеттері болып табылады. Ата-аналардың, педагогтардың, медицина қызметкерлері мен қоғамның бірлескен жұмысы ғана балалардың денсаулығы мен өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

Өзіңізді және балаларыңызды сақтаңыз!