
Сүт және сүт өнімдері халықтың рационында маңызды орын алады және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік санатына жатады. Олар ақуыздың, кальцийдің, витаминдердің және басқа да қажетті заттардың көзі болып табылады, сондықтан олардың сапасы мен қауіпсіздігі ерекше маңызға ие.
Қазақстан Республикасында осы өнім санатына қойылатын талаптар «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 033/2011 техникалық регламентпен реттеледі. Бұл құжат өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдеріне – өндірістен бастап соңғы тұтынушыға сатуға дейін қатысты міндетті нормаларды белгілейді. Регламент талаптарына сәйкес, сүт өнімдерінің құрамында сүт емес компоненттерді, соның ішінде өсімдік тектес майлар мен ақуыздарды пайдалануға рұқсат етіледі. Алайда, бұл жағдайда өндіруші тұтынушыны дұрыс хабардар етуге міндетті. Мұндай өнімнің атауы «сүтті май алмастырғышы бар сүтті өнімі» деген сөздермен басталуы керек, бұл сатып алушыға өнімнің құрамы туралы жаңылыспай, саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді.
Жекелеген өнім түрлеріне қатысты белгілі бір талаптар қойылады. Мысалы, спредтер үшін ораманың алдыңғы немесе көруге қолайлы бөлігіне 2,5 мм-ден кем емес мөлшерде оқылмалы шрифтпен атауын міндетті түрде жазу көзделген. Бұл ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін қажет.
Сүт және сүт өнімдерін міндетті түрде таңбалау толық, дұрыс және оқуға оңай болуы тиіс. Ол:
- өндіруші туралы және оның орналасқан жері туралы мәліметтер, шығу елін, сондай-ақ шағымдарды қабылдайтын ұйым туралы ақпаратты;
- тауар таңбасын (сауда белгісі) (бар болған жағдайда);
- таза салмағын (брутто салмағы – өндірушінің қалауынша);
- сүт немесе сүт өнімдерінің партия нөмірін;
- тағамдық және энергетикалық құндылық көрсеткіштерін;
- майдың массалық үлесі туралы ақпаратты (өнімнің жеке категориялары үшін - құрғақ заттағы май);
- сүт емес майдың құрамы туралы мәліметтер – сүт өнімдері бар өнімдер үшін;
- өндірілген күні және жарамдылық мерзімін;
- қаптама ашылғаннан кейін ерекшеліктері қоса отырып, сақтау шарттарын;
- өнім өндірілген нормативтік құжаттың таңбасын;
- ЕАЭО нарығында өнімді айналымға енгізу белгісін (ЕАО);
- ГМО-ның болуы туралы ақпаратты (қолданылған жағдайда) қамтиды.
Тұтынушылар сүт өнімдерін таңдағанда сақтық танытуы қажет. Рұқсат етілмеген сауда орындарында, соның ішінде «қолынан» өнім сатып алу ұсынылмайды, себебі мұндай жағдайда оның қауіпсіздігіне және сақтау шарттарының сақталуына кепілдік жоқ. Қаптаманың сыртқы түріне және таңбалаудың оқылғыздығына ерекше назар аудару қажет: кез келген зақымданулар, мәтіннің нашар оқылғыздығы немесе міндетті ақпараттың болмауы бұзушылықтарды көрсете алады.
Сондай-ақ сақтау температуралық режимін сақтау маңызды. Сүт өнімдері өндіруші ұсынған температурада тоңазытқыш жабдығында болуы керек. Сақтау шарттарының бұзылуы өнімнің тез бүлінуіне және денсаулыққа қауіп тудыруына әкелуі мүмкін.
Қаптаманы ашқаннан кейін көрсетілген сақтау мерзімі мен шарттарын қатаң сақтау қажет, өйткені ауамен жанасу бүліну процестерін жылдамдатады. Базарларда шикі сүт сатып алғанда сатушыдан ветеринарлық-санитариялық сараптамадан өткенін растайтын құжаттарды талап ету міндетті. Мұндай сүтті термиялық өңдеусіз ішуге рұқсат етілмейді – пайдалану алдында оны қайнату қажет.
Өнімнің сапасы немесе қауіпсіздігіне қатысты күмәні туған жағдайда, тұтынушы оның белгіленген талаптарға сәйкес екенін растайтын құжаттарды сұрауға құқылы. Мұндай құжаттардың бірі – сәйкессіздік туралы декларация. Оның түпнұсқалығын Еуразиялық экономикалық комиссиясының ресми тізілімінен тексеруге болады.
Осылайша, таңбалау талаптарын сақтау және сүт өнімдерін таңдауға жауапкершілікпен қарау тұтынушылардың тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.