Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
📌 14 мамыр күні СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Т.Л. Горлованың төрағалығымен жазғы сауықтыру лагерьлерін жазғы маусымға дайындау мәселелері бойынша семинар өткізілді.
⚡️ Семинар барысында балалар демалысын ұйымдастыруға, тамақтандыруға және сауықтыру ұйымдарындағы медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, сондай-ақ балалар арасындағы тағамнан уланудың алдын алу мәселелері қаралды.
✨ Іс-шараға аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, білім бөлімдерінің өкілдері, балалар сауықтыру ұйымдарының әкімшілігі мен медицина қызметкерлері қатысты.
📌 Сондай-ақ қатысушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жазғы сауықтыру лагерьлерін ашу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі түсіндірілді.
⚡️ Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пікір алмасты.