
Атмосфералық ауа – халық денсаулығына және аймақтың тұрақты дамуына тікелей әсер ететін қоршаған ортаның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Өнеркәсіптік қызмет пен автокөліктің көбею жағдайында ауа сапасын бақылау ерекше маңызға ие болады. Солтүстік Қазақстан облысы үшін Қазақстанның басқа өңірлерімен салыстырғанда, өнеркәсіптік жүктеме деңгейі салыстырмалы түрде төмен болса да, мониторинг және шығарындыларды реттеу мәселелері өзекті болып қала береді.

СҚО-да ауаның ластануының негізгі көздері:
• энергетика кәсіпорындары (әсіресе жылуэлектр станциялары);
• өнеркәсіптік объектілер;
• автокөлік;
• құрылыс қызметі болып табылады.

Петропавл қаласы аймақтың жетекші өнеркәсіптік орталығы болып табылады және өндірістік әлеуеттің басым бөлігі осы қалада шоғырланған. Өнеркәсіптің осы деңгейдегі жоғары концентрациясының нәтижесінде қала облыстың экологиялық жағдайына ең маңызды әсер етеді. Атап айтқанда, шығарындылардың маңызды үлесі ЖЭО-2-ге тиесілі, ол облыстың стационарлық көздерінен шығарылатын эмиссияның шамамен 48%-ын құрайды. Бұдан өзге, облыста мыңдаған стационарлық ластану көздері бар, олар ластағыш заттардың, соның ішінде шаң, күкірт диоксиді, азот және көміртегі оксидтерінің айтарлықтай көлемін құрайды.

Қазақстанда атмосфералық ауаның бақылауы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13.11.ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бақылаудың негізгі бағыттары:
• жол берілетін шекті шығарындылары нормативтерін сақтау;
• санитариялық-қорғау аймақтарының режимін сақтау;
• кәсіпорындарда өндірістік бақылау жүргізу.

Солтүстік Қазақстан облысындағы мониторинг жүйесі:
• стационарлық бақылау посттары;
• зертханалық зерттеулер;
• ластануды бағалаудың есептеу әдістерін қамтиды.

Атмосфералық ауаның жағдайына бақылау «Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырады. Солтүстік Қазақстан облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (СЭБД) аумақтық басқармалары да белгіленген бақылау нүктелері бойынша атмосфералық ауа өлшемдерін жүргізу өкілеттіктеріне ие. Петропавлда стационарлық посттар жұмыс істейді, онда негізгі ластағыш заттардың мынандай концентрациясы:
• қалқыма бөлшектер (PM10, PM2.5);
• күкірт диоксиді;
• азот оксидтері;
• көміртек тотығы;
• формальдегид және басқалар өлшенеді.

Мониторинг кәсіпорындардың санитариялық-қорғау аймақтарының шекараларында да жүзеге асырылады, онда ластағыш заттардың концентрациясы шекті рұқсат етілген нормалардан аспауға тиіс.

Өндірістік бақылау, тікелей кәсіпорындарда жүзеге асырылатын маңызды рөл атқарады. Ол:
• ластану көздеріндегі шығарындыларды бақылау;
• ластағыш заттар тізімін есепке алу;
• тұрақты өлшеу және деректерді талдау;
• шығарындыларды тазарту технологияларын енгізуді қамтиды.

Өндірістік бақылаудың негізгі міндеті – белгіленген нормативтерден асып кетуін болдырмау және қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайту.

Кәсіпорындарда циклон, сүзгі және басқа да тазалау жүйелері белсенді түрде енгізілуде, бұл ластағыш заттардың концентрациясын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. 2025 жылы көміртегі оксиді, азот диоксиді, бейорганикалық шаң (қалқыма заттар), сутегі сульфиді, күйе сияқты көрсеткіштер бойынша атмосфералық ауаның шекті рұқсат етілген концентрациясының 52 асу тіркелді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы атмосфералық ауаның бақылауы – мемлекеттік қадағалауды, мониторингті және өндірістік бақылауды қамтитын кешенді жүйе. Салыстырмалы түрде қолайлы экологиялық жағдайға қарамастан, аймақ энергетика және көлік шығарындыларымен байланысты бірқатар мәселелерге тап болады. Бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуі, заманауи технологияларды енгізу және экологиялық мәдениетті арттыру атмосфералық ауа сапасын сақтаудың және өңір халқының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі факторлары болып табылады.